«Абайдың ұлы мұрасы»

2
5
8
7
6

2020 жылдың тамыз айында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, композитор, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі – Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады.
2020 жылдың 11 ақпанында Павлодар медициналық жоғары колледжінің бірінші курс студенттері Шығыс Қазақстан облысының “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық Абай қорық-мұражайының “Абайдың ұлы мұрасы” атты көрмесіне барды. Мұражайдың ғылыми қызметкерлері Абай өмірі мен шығармашылығына арналған экспозициялар бойынша шолу экскурсиясын өткізді. Көрме “Ertis” мультимедиялық мұражайында ұйымдастырылды, онда әрбір келуші планшетте тақырыпты теріп, 3D форматтағы қажетті ақпаратпен танысуға, бейнематериалдарды көруге мүмкіндігі бар.
Бірінші минуттан бастап балалар Абай әлеміне енгендей әсер алды. Бүкіл ахуал сол кездегі рухпен ұштасқан. Олар ақынның өмірінен, оның балалық шағы, оқыған жылдары, отбасы, оның ұрпақтары туралы көптеген қызықты фактілермен танысып, Абайдың достары, саяси жер аударылғандар туралы, әлемнің әр түрлі тілдеріне аударылған ақынның шығармалары туралы білді, және көріп-білген әсерден шабыт алған балалар өздері Абайдың өлеңдерін, дастандарынан үзінділерін, «Қара сөздерінен» 18-ші қара сөзін жатқа айтып берді.
Балалар ұлы Абайдың көптеген экспонаттары мен жеке заттарын, түпнұсқа фотосуреттерін көрді.