«Ауғаныстан- жүректерге түскен жара..»

1
2

2020 жылдың 13 ақпаны күні колледждің оқу залында Ауғаныстандағы ұрыс қимылдарының қатысушылары Ғалымжан Гаусильевич Шарапатов пен Юрий Васильевич Клышинмен кездесу өтті. Ауған жауынгерлері студенттерге әскери қызмет кезінде тап болған қиын жағдайлар, бір-біріне қол ұшын беру, сарбаздардың өзара көмегі, нағыз достық туралы айтып берді. Студенттер әскери іс-қимылдарға қатысушылардың естеліктерін үлкен қызығушылықпен тыңдады,сұрақтар қойды. Осы соғыстан қайтып оралмаған адамдардың құрметіне болған бір минут үнсіздікте әркімнің жүрек соғысы қатысушылардың жан дүниесіне айналғандай болды. Бұл кездесу балалардың жүрегінде өздерінің азаматтық және патриоттық борышын орындаған отандастары үшін жылылық, мейірімділік, мақтаныш сезімін қалдырды.
Өтер жылдар, артып тағы алыстап,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар.