Театрға бару

3
2

2020 жылдың 12 ақпаны күні “Қолданбалы бакалавр” біліктілігі бар “Мейірбике ісі” мамандығы 110 тобының студенттері кураторы А. С. Мапитовамен бірге Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына барып, “Келіндер көтерілісі” атты комедиялық спектаклін тамашалады.
Студенттерге театр труппасының жоғары шеберлігі мен таланты, өзбек халқының ұлттық биі мен ұлттық музыкасы ұнады, олар спектакльдің ахуалы мен қызықты сюжеті, көрермендерді жас ұрпақ тәрбиесі туралы еріксіз ойлануға мәжбүр ететін шынайы әзілін атап өтті.