Сіз диплом қорғауға дайынсыз ба? Тренингке шақырамыз

6
5
11
9

2020 жылдың 14 ақпаны күні көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша жаттықтырушы С. Д. Касимова Павлодар медициналық жоғары колледжінің “Қолданбалы бакалавр” біліктілігі бар “Мейірбике ісі” мамандығы тобының студенттеріне көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын дамыту, өзіне сенімділік, адамдар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту бойынша сабақ өткізді.
Диплом жұмысын қорғау кезінде өзін таныстыру ережелерімен таныстырды: ең бастысы – сенімді сөйлеу, анық және қатты сөйлеу, айтқандарды түсіну, комиссия сұрақтарын мұқият тыңдау, сөйлеу мәдениеті мен презентацияның тиімділігіне назар аудару.