«Экология» пәні бойынша ашық сабақ

1
2
3
4

Жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы Ш.Ш. Байгулова “Экология” пәні бойынша “Фармация” мамандығының 210 тобында “Гидросфераның экологиялық мәселелері, судың химиялық, биологиялық және физикалық ластануының халық денсаулығына әсері” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Тірек білімдерді өзектендіру үшін оқытушы тест сұрақтарын, карточкалар бойынша жеке жұмыстарды пайдаланды, ақпараттық-компьтерлік технологиялардың: мультимедиялық тұсаукесер, флипчарт – “Сиқырлы қорап”, “Сиқырлы сия”, “Ысырма” сияқты тәсілдерін қолданды.

Сабақтың уәждемесі гидросфераның экологиялық мәселелері туралы бейнеролик көрсету, өлең оқу және сабақ мәселесін қою түрінде өткізілді (“Фишбоун”әдісі).

Жаңа материалды түсіндіру слайд-тұсаукесерімен, шағын топтардағы әртүрлі тапсырмалармен және өзара оқыту арқылы жүрді.

Алынған материал үш тілде синквейн, глоссарий құрастыру түрінде жүргізілді.