“Сақтандыру медицинасының негіздері”

31

“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ” ҚР Заңына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) жұмыс істей бастады.

МӘМС-Денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Сақтандыру моделі мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігіне құрылған.

2019-2020 оқу жылында болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында Павлодар медициналық жоғары колледжінің “Емдеу ісі” мамандығының бітіруші топ студенттері үшін оқу жоспарына “Сақтандыру медицинасының негіздері” факультативтік сабақтары енгізілді.