“Патронаждық қызметті ұйымдастыру”

10.03

Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған “Денсаулық” Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикада балалар мен жүкті әйелдердің денсаулық көрсеткіштерін жақсартудың тиімді жүйесі ретінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) патронаждық қызметінің әмбебап прогрессивті моделі енгізілді. АМСК патронаждық қызметін жаңғырту және патронаждың жаңа моделіне көшу қажеттілігі жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға үйге барудың қазіргі жүйесі ЖМС көрсету сапасының қазіргі заманғы талаптарына жеткілікті дәрежеде сәйкес келмеуіне байланысты туындады.

2019-2020 оқу жылында болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында Павлодар медициналық жоғары колледжінің “Емдеу ісі” мамандығының бітіруші топ студенттері үшін оқу жоспарына “Патронаждық қызметті ұйымдастыру” факультативтік сабақтары енгізілді.