“Қайырымдылық” волонтерлер қозғалысының қатысушыларының құттықтауы

1
1d42915c-a613-48ab-8c2e-58603b58915f
4

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Павлодар медициналық жоғары колледжінің “Қайырымдылық” волонтерлер қозғалысының қатысушылары арнайы пәндер оқытушылары А. К. Сейсекенова мен К. И. Досбергенованың жетекшілігімен колледждің музыкалық жетекшісі С. О. Белозубпен бірге Облыстық паллиативтік көмек ауруханасының мейірбикелік күтім бөлімшесінің емделушілеріне мерекелік концертпен барды.

Волонтерлер оларға өз жүректерінің жылуын, ізгі сөздер мен әдемі әуен және жақсы көңіл- күй сыйлады.