Әдеби кеш: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста…»

6
7
8
9

Тіл пәндерінің оқытушылары Г. С. Битигова және А. А. Мусабекова 2020 жылғы наурыздың 11-і күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 -жылдық мерейтойына арналған “Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста…” тақырыбындағы іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізді.

100 жылдан астам уақыт өтті, алайда Абайдың ойлары бүгінгі күні де өзекті. Абай-қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасының негізін қалаушы. Оның жыл мезгілдері туралы өлеңдері әр тілде өте әдемі айтылады. Балалар ақынның өмірдің мәні туралы, жастарға кеңестер беріп, адамның жамандықтарын әшкерелейтін, адамгершілік қасиеттерін насихаттайтын философиялық трактаттарын, «Қара сөздерін» әңгімеледі. Абай тек ақын, ойшыл ғана емес, сонымен қатар композитор. Оның ең танымал «Айтым сәлем, Қаламқас!», «Желсіз түнде жарық ай» әндері шырқалды. Кештің маңызды бөлігі «Абай мен Тоғжанның соңғы кездесуі» қойылымы болды. Кеш соңында баршаның сүйікті әні «Көзімнің қарасы» үш тілде орындалды