“Коронавирус және жұқпаның алдын алу шаралары туралы” дәріс

IMG-20200313-WA0001

Павлодар медициналық жоғары колледжінде “СМУ” КЕАҚ персонилизацияланған медицина және педиатрия кафедрасының ассистенті О. В. Степанцованың студенттері мен қызметкерлері үшін “Коронавирус және инфекцияның алдын алу шаралары туралы” дәріс өткізу жалғасуда, онда ол әлемдегі эпидемиялық жағдаймен, Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің алдын алу шаралары туралы ұсыныстарымен таныстырды, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирус пандемиясын жариялағандықтан, Қазақстанда елге жұқпаны әкелу және оның одан әрі тарату қаупін төмендету үшін шектеу шаралары енгізілуде. Қабылданған шаралардың бірі – 16 наурыздан бастап колледж және жоғары оқу орындарының студенттерін онлайн – оқытуға көшіру болып табылады.
Колледж директоры Г. К. Ситказинова студенттер мен оқытушыларды онлайн-оқытуды ұйымдастыру ережелерімен таныстырды.