Халықаралық Мейірбикелер күні.

IMG-20200512-WA0116

12 мамыр күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде Халықаралық мейірбикелер күніне арналған іс-шара өтті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Досмаилов Біржан Серікбекұлы мейірбикелер атына құттықтауларымен және ізгі тілектерімен құттықтау сөз сөйледі. Орта буын мамандарын дайындағаны үшін алғыс ретінде ол колледж директоры Г. К. Ситказиноваға құттықтау хатын табыс етті.

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет Грамоталарымен орта кәсіби және жоғары мейірбике білімі бар колледждің 14 қызметкері марапатталды.

Ұжымға құттықтау сөздерімен “Senim” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы” Павлодар облыстық филиалы РҚБ төрайымы С. Ч. Төлегенова және облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас маманы Г. Б. Барлыкова сөз сөйледі.

Оқытушылар ұжымының атынан еңбек ардагері, оқытушы Л. Н. Назаренко сөз сөйледі.