Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша конференция.

IMG_7523

2020 жылғы 12 мамыр күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде онлайн-режимде 2019-2020 оқу жылының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша конференция өтті.

Түлектерді жеке бөлу үшін облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Б. С. Досмаилов комиссия құрамын бекітті.

Жалпы шығарылым- 183 адамды құрайды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 146, оқытуға толық өтемақы төлеу негізінде – 37.

Оның ішінде “Емдеу ісі” мамандығы бойынша “Фельдшер” біліктілігімен – 43 адам, “Мейірбике ісі” мамандығы бойынша “Жалпы практика мейірбикесі” біліктілігімен – 103, “Зертханалық диагностика” мамандығы бойынша “Медициналық зертханашы” біліктілігімен – 17, “Фармация” мамандығы бойынша “Фармацевт” біліктілігімен-20 адам.