«Біз біргеміз»

Волонтерлік іс – жастардың бойына гуманизм, моральдық-адамгершілік құндылықтар мен әлеуметтік маңызы бар қызметті қалыптастыратын, студенттерді оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық тәсілдердің бірі болып табылады. ПМЖК-де 2006 жылдан бастап “Қайырымдылық” волонтерлік қозғалысы жұмыс істейді.

“Біз біргеміз” атты республикалық акциясы аясында волонтерлер біздің колледждің ардагерлеріне көмек көрсету үшін қызметкерлер мен студенттердің қатысуымен қайырымдылық акциясын ұйымдастыру туралы бастама көтерді.

Студенттер азық – түлік себетін жинап, 9 мамыр-Ұлы Жеңістің 75- жылдығы қарсаңында әр ардагерге ризашылық пен құрмет сөздерімен алғыстарын айтып, үйлеріне барып құрметтерін білдірді.