Жедел ішек жұқпасы

Жедел ішек жұқпасы дегеніміз – ішектің басым зақымдануымен жүретін, ішектің нәжісімен, организмнің сусыздануымен және уыттануымен бірге жүретін жедел жұқпалы аурулар тобы.

Жаз – тек демалыс уақыты ғана емес, өкінішке орай, әр түрлі аурулардың қоздырғыштарын, бірінші кезекте, жедел ішек жұқпаларының таралуын көбейтетін уақыт. Олардың таралу көзі ауру адамдар, бактерия тасымалдаушылар, кеміргіштер, гельминттер, өңделмеген көкөністер мен жемістер, дұрыс сақталмаған және тез бұзылатын тағамдар.

Дереу дәрігерге көріну керек белгілер:

тәулікте 5 реттен жиі сұйық нәжіс;

бірнеше рет құсу;

нәжістегі қан;

іштің ұстама тәрізді ауруы;

айқындалған әлсіздік және шөлдеу.

Алдын алудың негізгі шаралары:

жеке гигиена ережелерін сақтау;

қайнаған немесе бутилденген суды ішу;

қауіпсіз өнімдерді таңдау;

өнімнің жарамдылық мерзімін қадағалау;

көкөністер мен жемістерді жеу алдында ағынды сумен, ал балалар үшін – қайнаған сумен мұқият жуу;

қажетті өнімдерге мұқият термиялық өңдеу жүргізу;

тағамды дайындағаннан кейін бірден ішу керек;

дайын өнімдерді суықта сақтау;

осы мақсатқа арнайы бөлінген орындарда ғана шомылу.

Осы қарапайым ережелерді сақтау Сізге денсаулықтың көптеген проблемаларынан құтылуға, жедел ішек жұқпалары ауруларынан сақтануға көмектеседі. Сонымен қатар, әрбір ауырып қалған адам қоршаған ортаға қауіпті болуы мүмкін екенін есте сақтауы керек.

Сондықтан, ішек бұзылуының алғашқы белгілері пайда болған кезде, ауырған адамға дереу дәрігерге баруы керек!

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.