Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

1

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні – Павлодар медициналық жоғары колледжінде 1-2 курс студенттері арасында онлайн-түрінде “ҚР Мемлекеттік рәміздері – мемлекеттің негізі мен тұрақтылығы” тақырыбында сынып сағаттары, “Тарихтан туған нысандар” бейне-викторинасы, “Ел мақтанышы – Әнұран, Елтаңба, Ту” слайд – әңгіме өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты: студенттердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне, еліміздің тарихи өткені мен дәстүрлеріне құрметпен қарауын тәрбиелеу.