Түлектерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау

IMG_20200605_130746_
IMG_20200605_135751_

Биыл “Емдеу ісі”, “Мейірбике ісі”, “Фармация” мамандықтары бойынша Павлодар медициналық жоғары колледжінің түлектерін қорытынды аттестаттау екі кезеңде өткізіледі:
1 кезең – білімді бағалау – қашықтықтан ON-LINE режимінде компьютерлік тестілеу арқылы нәтижелерді автоматты есептеу арқылы:
2 кезең – дағдыларды бағалау – қашықтан ON-LINE режимінде шұғыл жағдайлар бойынша тест тапсырмаларын қолдана отырып, автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен.
“Мейірбике ісі” және “Емдеу ісі” мамандықтары бойынша екінші кезең 5 клиникалық станция бойынша өткізіледі (клиникалық құзыреттіліктің міндетті компоненті):
1) «Жүрек тоқтаған кезде шұғыл көмек көрсету»;
2) «Жарақаттар алған кезде шұғыл көмек көрсету”»;
3) «Парентеральды егу техникасы»;
4) «Жараны алғашқы өңдеу және таңғышты қолдану»;
5) «Коммуникативтік дағдыларды бағалау».
Фармация” және “Зертханалық диагностика” мамандықтары бойынша дағдыларды бағалау автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен тестілеу түрінде жүргізіледі.
“Фармация” мамандығынан – төрт пән бойынша: Фармакогнозия, Фармакология, Фармацияны ұйымдастыру және экономикасы, Дәрілік түрлердің технологиясы.
“Зертханалық диагностика” мамандығынан – үш пән бойынша: Клиникалық зертханалық зерттеу әдістері, Санитариялық-гигиеналық зерттеулер технологиясымен Гигиена, Микробиологиялық зерттеулер техникасымен Микробиология, вирусология