Сәт сапар, түлектер!

6
5
4
1 (1)
2
3

Павлодар медициналық жоғары колледжінің 2020 жылғы шығарылымы ерекше болып табылады, өйткені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен осы жыл Медицина мейіргері жылы болып жарияланды.
2020 жылдың 29 маусымы 183 түлек үшін айтулы күн болды. Олардың 18-і кәсіби қызметке ерекше үлгідегі дипломдармен кіріседі:( Құлмахан Ә., Манапова С., Мандахбайр С. (10 ф.тобы), Парфенова Е., Сорока Е. ( 320 ф.тобы), Болат А., Масугутова Г., Серикболова А. ( 310 мб тобы), Назарова М. ( 320 мб тобы), Баруздина Н., Кулешова С. (340 мб), Аппазова А., Видилина Е., Каимова И., Мануковская А., Москалева В., ( 310 Фарм тобы), Мустафинова А., Чернова С. ( 310 мл тобы).
Маңызды іс-шара онлайн режимінде өткізілді.
Директор Ситказинова Гульнара Кинжитаевна түлектерге жылы лебізін білдіріп, колледжді бітіру құрметімен құттықтады:
“Сіздерді колледжді аяқтаумен құттықтаймын. Сіздердің шығарылымдарыңы ерекше форматта өтіп жатыр, өйткені Сіздер медбике жылы оқуды аяқтағандарыңызбен ерекшелендіңіздер! Сіздер студенттікке арнаудан бастап шығарылымдағы біліктілік емтиханын қорғауға дейін үлкен жолдан өттіңіздер. Бұл жол оқу мен шығармашылыққа, жеңістер мен жаңалықтарға, достыққа толы болды. Өздеріңіз таңдаған жолда батыл, сенімді және адал болыңыздар. Үлкен өмір жолында өмір берген ата – аналарыңыз алдында мәңгілік борыштар екендеріңізді ұмытпаңыздар, колледж туралы ұмытпай, оны қай жерде болмасын, біз сіздерді мақтан тұтатындай етіп, лайықты таныстыра біліңіздер. Өмірді сүйіп, адамдарды құрметтеп, жақсылық пен мейірімділік жасай біліңіздер. Сіздердің студенттік өмір туралы естеліктеріңіз әрдайым жан жылуын шуақтандырып, өздеріңізді жадырататындай болсын. Біз сіздерге жақсы оқып, өз болашақ мамандығын қаншалықты жақсы меңгеруі үшін колледжде жайлы, жылы ыңғайлы болуға жағдай жасауға тырыстық. Өмірде және кәсіпте де енді сіздер, әрі қарай сол жолмен өздеріңіз жүретін боласыздар, алайда оқытушыларыңыз әрдайым сіздердің қонаққа келіп-кетулеріңізді күтіп, кәсіби қызметте де, жеке өмірде де жаңа жеңістеріңіз бен табыстарыңызға қуанатын болады».
Түлектер өз кезегінде колледж әкімшілігіне және барлық оқытушылар құрамына ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.
Құрметті түлектер, бұл диплом сіздерді жетістікке, өркендеуге және өзін-өзі қамтамасыз етуге жетелейтін мансап сатысындағы қадамдардың біріне айналсын. Сәт сапар, түлектер! Біздің колледждің есігі сіздер үшін әрдайым ашық және де біз сіздерді әрдайым көруге қуаныштымыз!