Қазақстан Республикасының Конституция күні құтты болсын.

День-конституции

Конституция- ерікті елдің құқы,
Адам құқы алдымен ердің құқы.
Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,
Конституция – алтын заң, елдің құты.

Павлодар медициналық жоғары колледжінің әкімшілігі мен ұжымы барлық қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтайды.
Ата заңымыз қабылданғаннан бері 25 жыл өтті.1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан халқы өз елінің Ата Заңын қабылдады. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, сондықтан Конституция – азаматтардың құқығы мен бостандығының кепілі.
Аталған мерекенің орны әр Қазақстан азаматы үшін ерекше және әрбір Қазақстан азаматы тәуелсіз мемлекетіміздің беделін асыру үшін Конституцияны құрметтегені жөн.
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!