Тұмауға қарсы вакцинация басталды!

e84f0eefc1330181fee0a88e61144668_XL

Қазақстандықтарды тұмауға қарсы жоспарлы егу 15 қыркүйекте – стандартты мерзімнен екі апта бұрын басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жедел респираторлық аурулар кезінде азаматтардың тұмауға қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастыру үшін осындай шешім қабылданды. Тұмауға қарсы вакцина 6 айдан 12 айға дейін иммунитет береді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Короновирустық жұқпаның екінші толқынына және ЖРВЖ маусымына дайындық шеңберінде тұмауға қарсы вакциналардың екі миллионнан астам дозасы сатып алынды.

“Азаматтар вакцинациядан өте алатын бес мыңнан астам кабинет дайындалды. Маусымдық вакцинацияға дайындық аясында жеті мыңнан астам дәрігер мен 15 мың кіші медицина қызметкері оқытылды”, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Кожахметовтың айтуынша, тұмауға қарсы вакцинация – кез-келген вирустан қорғаудың ең тиімді әдісі.

Вакцинаны тегін алуға болады:

– созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар;

– медицина қызметкерлері;

– жүкті әйелдер (жүктіліктің II-III триместрлері);

-жабық үлгідегі мекемелердегі (сәбилер үйлері, балалар үйлері, мектеп-интернаттар) адамдар);

– мүгедектер, ересектер және созылмалы аурулары бар балалар;

– 60 жастан асқан қарт адамдар.

Вакцинация егуге болмайды.

“Егер адамда жедел вирустық жұқпа болса- тамақ ауруы, жөтел, қызуы көтерілсе, онда вакцина егуге болмайды! Созылмалы аурулар өршіп кеткен жағдайда вакцинадан уақытша бас тарту керек. Осы және басқа жағдайларда науқастар сауыққаннан кейін немесе созылмалы аурудың тұрақты жақсаруынан кейін вакцинацияланады”, – деп түсіндірді мамандар.

“Тұмауға қарсы вакцинациялау қауіпті топтағы адамдар санаты үшін тегін жүргізіледі, атап айтқанда: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар; медицина қызметкерлері; жүкті әйелдер (жүктіліктің екінші-үшінші триместрлері); жабық үлгідегі мекемелердегі адамдар (сәбилер үйлері, балалар үйлері, мектеп-интернаттар); ересектер мен созылмалы аурулары бар балалар; 60 жастан асқан қарт адамдар. Бұл ДДҰ ұсынған 10 пайыздан кем емес қамту кезінде республиканың жалпы халқының 11,7 пайызын қамтуға мүмкіндік береді”, – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Тұмауға қарсы ақылы егу жеке меншік орталықтарда және емханалардағы егу кабинеттерінде жүргізіледі.

Тұмауға қарсы вакцинация жүргізетін медициналық мекемелердің нақты мекенжайларын аумақтық денсаулық сақтау департаменттерінен білуге болады.

Тұмауға қарсы вакцинациядан басқа, тұмаудың да, басқа респираторлық жұқпалардың да алдын-алудың күрделі емес әдістері бар. Бұл-адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға (кинотеатрлар, балалар ертеңгіліктері) баруды шектеу, үй-жайларды жиі желдету, иммунокоррекциялық препараттарды (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), гомеопатиялық препараттарды, оксолинді жақпа, Антивир жақпа және т. б. пайдалану. Вирусқа қарсы жақпа, мультивитаминдерді, әсіресе С витаминін қолдану, олар лимон, итмұрын, анарда көп мөлшерде кездеседі.

Өз денсаулығыңызды, жақындарыңыз бен айналаңыздағылардың денсаулығын қорғаңыз!