“Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу” акциясы.

bez nasil_1
bez nasil_2

2020 жылдың 16 қыркүйегінде Павлодар медициналық жоғары колледжінің 2-3 курс студент қыздары ZOOM форматында “Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы” ММ қолдауымен “Дені сау ұлт” Қоғамдық Қоры ұйымдастырған “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу” акциясына қатысты.
Тәжірибелі психолог, психология магистрі Т. М. Кравцованың және Павлодар облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімшесінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Б. Т. Камзинаның қатысуымен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ әйелдер арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері талқыланды