«Еліміздің мұражайларына онлайн-экскурсия»

CollageMaker_20201220_124333645

Орыс философы Г. Александров айтқандай:”Мұражайлар – есте сақтау конгломераттары”. 2020 жылдың 2 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған онкүндік еліміздің мұражайларына онлайн-экскурсиядан басталды.

Өз мемлекетінің тарихына деген терең құрмет пен сүйіспеншілікті дамыту мақсатында 1-2 курс топтарының білім алушылары үшін сабақ-саяхат түрінде әртүрлі мұражай сайттарындағы экспозициялармен танысу ұйымдастырылды.