Тоғызқұмалақтан колледж біріншілігі
2021 жылдың 18 наурызынан 8 сәуіріне дейін ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК-нің спорт залында Тоғыз-құмалақтан колледж біріншілігі өтеді, оған 1 курс ұлдары мен қыздары қатысады.
Біріншілікті өткізу мақсаты:
– студенттердің денсаулығын сақтау және нығайту;
-салауатты өмір салты мәдениетінің қажеттілігін қалыптастыру мақсатында студенттерді сауықтыру және спорттық шараларға тарту;
– Қазақ ұлттық ойындарын насихаттау;
– колледждер арасындағы облыстық спорттық және жеңіл атлетикалық жарыстарға қатысу үшін Колледж командасының үздік ойыншыларын анықтау.