Үстел теннисінен колледж біріншілігі
2021 жылдың 1 сәуірінен 15 сәуіріне дейін ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК-нің спорт залында теннистен колледж біріншілігі өткізіледі, оған 1 курстың ұлдары мен қыздары қатысады.
Біріншілікті өткізу мақсаты:
– студенттердің денсаулығын сақтау және нығайту;
– студенттік спортты дамыту;
– спорт шеберлігін арттыру.