Медицина қызметкерлері күні

WhatsApp Image 2021-06-18 at 23.36.37
WhatsApp Image 2021-06-18 at 23.36.366
WhatsApp Image 2021-06-18 at 23.36.36
WhatsApp Image 2021-06-18 at 23.8836.36

2021 жылдың 18 маусымында Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Павлодар медициналық жоғары колледжінің оқытушылары азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі, мінсіз адалдығы, жоғары кәсібилігі үшін денсаулық сақтау басқармасының грамоталарымен, “SENIM” кәсіподағының облыстық филиалының грамоталарымен, сондай-ақ колледж директоры Бакыт Қабидуловна Касимованың алғыс хаттарымен марапатталды. Осыған орай колледжде онлайн концерт ұйымдастырылды.

Көптеген жылдар бойы маусым айының 3-ші жексенбісінде медицина қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін – “медицина қызметкерлерінің Күнін” атап өтеді, бұл дәстүр бойынша біздің елімізде отандастарының өмірі мен денсаулығын сақтаудың игі ісіне арнаған адамдардың мерекесі ретінде атап өтіледі.

Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға үйлесімді жұмыс, ұжымда өзара құрмет, жұмыста бірлескен табыс, сондай-ақ әрқайсыңыздың өміріңізге барлық игілік тілейміз!