Медицина қызметкерлері күніне арналған волейболдан жарыс. Командаларды марапаттау

WhatsApp Image 2021-06-23 at 17.41.16
WhatsApp Image 2021-06-23 at 17.41.17
WhatsApp Image 2021-06-23 at 17.41.16 (1)

2021 жылғы 23 маусым күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің спорт залында Медицина қызметкерлері күніне арналған 1 курс студенттері арасында волейболдан жарыс аяқталды.

Волейболдан жарысқа 4 команда қатысты:

  • “ПМЖК” командасы- “Жалпы практикадағы медбике”130 тобы мен 120 “Фельдшерлер” тобынан құралған құрама команда
  • “Адреналин” командасы-“Тіс технигі” 120 тобы мен 110 “Фельдшерлер” тобынан құралған құрама команда
  • “Start” командасы- “Жалпы практикадағы медбике” 140, 110, 120 топтарынан құралған құрама команда
  • “Искра” командасы – “Тіс технигі” 100 және “Жалпы практикадағы медбике” 110 топтарынан құралған құрама команда.

Орындар келесідей бөлінді:

1 орын – “ПМЖК” командасы

2 орын – “Адреналин” командасы

3 орын – “Start” командасы

“Искра” командасы жарысқа қатысқаны үшін Грамотамен марапатталды.

Команда капитандарына Дипломдар мен тәтті сыйлықтарды Павлодар медициналық жоғары колледжінің директоры Касимова Бакыт Кабидуловна табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, жарыс 16-23 маусым аралығында, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, жанкүйерлердің қатысуынсыз өтті.