“Интернеттегі алаяқтықтың тәсілдері және олармен қалай күресуге болады”

2021 жылдың 10 желтоқсанында 1 курс білім алушыларының Павлодар қаласы ПБ 14 ОМПС ОПБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Абдыгамитов Айдын Бейсенбаевичпен ақпараттық кездесуі өткізілді.  Ақпараттық әңгіме тақырыбы “Интернет-алаяқтықтың тәсілдері және олармен қалай күресу керек”.

Айдын Бейсенбаевич алаяқтықтан қорғау тәсілдері туралы, алаяқтардың Интернеттегі негізгі мақсаттары туралы — Сізден алдау жолымен ақша алу немесе жеке деректерді иелену (мысалы, түрлі сервистердің логиндері мен парольдері, банк карталары туралы ақпарат) туралы айтып берді. Алаяқтардың әдеттегі әдістері: жалған (фишинг) хаттар мен сайттар, әлеуметтік желілерде және базарларда алдау, жалған нөмірлерден қоңыраулар. Өз тәжірибесінен мысалдар келтірді.