«Менің Тәуелсіз Қазақстаным» балалар шығармашылық конкурсы

ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК –нің кәсіподақ комитеті қызметкерлер мен студенттердің балалары үшін конкурс ұйымдастырды және өткізді. “Менің Тәуелсіз Қазақстаным” шығармашылық конкурсы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 -жылдығына арналды. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді:

– “Менің Қазақстаным, сені жырлағым келеді…” (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу).

– “Тәуелсіздік рәміздері-Қазақстан мақтанышы” (өз қолдарымен жасалған бұйымдар).

– “Мәңгілік ел-біздің болашағымыз” (Отан туралы суреттер). Конкурс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар номинациялар бойынша Грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.