№41 ЖОББМ оқушыларына арналған ашық есік күні

2021 жылғы 21 желтоқсанда Павлодар медициналық жоғары колледжіне оқу-өндірістік комбинатының медициналық бейіндегі арнайы пәндер оқытушысы Сейтканова Куралай Ботбаевнаның жетекшілігімен        № 41 ЖОББМ оқушылары келді.

Павлодар медициналық жоғары колледжі оқу-өндірістік комбинатпен ынтымақтасқандықтан, оқушылар экскурсияға және кәсіптік бағдар беруге шақырылды.

Колледждің практикалық корпусында арнайы пәндер оқытушысы Ш.Ж. Кулбекова экскурсия өткізіп, медициналық тренажерлармен, аппараттармен және аспаптармен таныстырды.

Акт залында “Стоматология” мамандығы 110 тобының білім алушылары Боброва Лидия мен Калимардан Алишер кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша менеджер К.Ш.Кабиденованың  басшылығымен колледж мамандықтары туралы ақпарат дайындады, викторина өткізді және оқушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.                              К.Ш. Қабиденова келісім-шарт негізінде және мемлекеттік тапсырыс бойынша мамандықтар, сондай-ақ осы оқу жылына оқуға түсу конкурсы қалай өткендігі туралы айтып берді.

WhatsApp Image 2022-01-11 at 13.23.54
WhatsApp Image 2022-01-11 at 13.23.55 (1)
WhatsApp Image 2022-01-11 at 13.23.55