Торжественная линейка посвященная Дню Независимости Казахстана

2016 жылғы 5 желтоқсанда  Павлодар медициналық жоғары колледжінде Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігі күніне онкүндіктің ашылуына арналған «Даңқыңды жырлаймын, Отаным менің, Қазақстаным менің!» тақырыбында салтанатты линейка өткізілді.

Басты мақсат – қазақстандық патриотизм  сезімін тәрбиелеу, тәуелсіз даму кезеңіндегі  Қазақстанның  жетістіктерін, ұлтаралық әлемдегі  құндылықтар мен  келісімді  насихаттау.

Еліміздің тәуелсіздігі – бұл үш жүз жылдан астам үзілген ұлттық  бостандығы қайта оралған қазақ халқының ұлы  тәуелсіздігі.

Өзінің ең жақсы қасиеттерін, бірігу мен топтасуды білуі,  басқа  халықтармен  бейбітшілік пен тату көршілікте және келісімділікте өмір сүре білуі арқасында  қазақ халқы тарих толқынында  жоғалып  кетпеді және ондаған жылдардан соң  өзінің  мемлекеттігін  қайта қалпына  келтіре білді.

 Осы іс-шара студенттер  санасына  мемлекет пен тәуелсіздік құндылықтарын  бекітуге, еліміздің  маңызды  проблемаларын  шешуге қабілетті, оның тағдырына жауапты болуды өзіне  ала білетін құқықтық мемлекеттің азаматын  қалыптастыруға ықпал  етері сөзсіз.