«Полиглот – это модно»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығын мерекелеу қарсаңында, 2016 жылғы 30 қарашада «Медбикелік іс» мамандығының 33 тобында «Полиглот-бұл сәнді»  сынып сағаты  өткізілді.
Өз Жолдауында  Елбасы  қазақ тілі–мемлекеттік тіл, орыс тілі –ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі –әлемдік экономикаға интеграциялану тілі екеніне  баса назар аударды.
Осы іс-шараның басты мақсаты-тілдерді білудің  барынша маңызды екенін  түсіндіру.  Бір тілде сөйлеу жеткіліксіз, өйткені біз белгілі бір геосаяси кеңістікте  өмір сүрудеміз.   Қазіргі жас адам тілдерді білмей кәсіби өсуі үшін қажет сол ақпаратты алуда артта қалады.