Посещение музея им. Потанина

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 -жылдығына орай «Медбикелік іс» мамандығының 31 тобының студенттері Г.Н. Потанин атындағы обыстық өлкетану мұражайына қатысты. Студенттер Еліміздің Көшбасшысы,Тұңғыш Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың  басшылық етуімен  мемлекетіміздің  қалыптасу кезеңдері туралы  баяндалатын «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі»  Залымен танысты. Экспозицияда біздің аймақтың Қазақстанның  тәуелсіздік жылдарындағы даму тарихы   көрсетілген. Студенттер еліміздің  қалыптасу шежіресі мен  Ата Заңымыз- ҚР Конституциясынан  үзінділермен,  Ұлт Көшбасшысының  Қазақстан халқына Жолдаулар жинақтарымен және кітаптарымен танысты. Барлық залдар бойынша  экскурсия жасау арқылы  студенттер  ежелгі және қазіргі заманғы Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен танысу мүмкіндігіне ие болды.