«Независимость – наша главная ценность!»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25- жыл толуына арналған онкүндік аясында, «Медбикелік іс» мамандығының 340 және 440  топтарында,  «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз!» атты  сынып сағаттары өтті. Мақсаты: студенттер бойына Қазақстандық патриоттық, азаматтылық, толеранттық, ұлттық келісім, бейбітшілдік қасиеттерін қалыптастыру.

Сынып сағаты барысында студенттерге «Тәуелсіздік жолында» атты бейнефильм көрсетілді. Студенттер тұсаукесерлер дайындауға белсене қатысты, өлең оқып, Қазақстан тарихынан викторина сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, онкүндік аясында топтарда құттықтау  ашық хат пен  фотосуреттер конкурсы  өтті. Ең үздік құттықтау ашық хаттарын  Е.Шкильнюк,  М.Шынгысова, Ф.  Шитова  ұсынды.  Үздік фотосуретті  І.Сыздық ұсынды.