«Устремленный в будущее, мой Казахстан»


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25- жылдық мерекесі қарсаңында 2016ж.13.12  ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК қабырғасында мерекелік үлкен  іс-шара көрсетілімі өткізілді.
Колледж директоры Ситказинова Гүлнара  Кинжитаевна   облыс Әкімі,  Павлодар облысы денсаулық сақтау және білім беру  ұйымдары басшылары атынан  Құрмет Грамоталар мен  Алғыс Хаттар  тапсыруы арқылы  педагогикалық және студенттік  ұжымның шығармашылық жұмысының қорытындысын шығарды.  Іс-шарада  еңбек ардагерлерінің  басым роліне ерекше назар аударылды.  Концерттік бағдарламамен сүйемелденген Тәуелсіздік мерекесі қатысып отырғандар бойына еліміз үшін, жастардың өз болашағын өздіктерінен құру ынтасына деген мақтаныш сезімін тудырды.
Іс-шара еліміздің, колледждің  табысты даму жолындағы  педагогикалық және  студенттік ұжымының  біртұтастығын  көрсетті.  Колледж жетістіктері  колледж құрылған күннен бастап қазіргі күнге дейінгі  тарихынан бастап бейнефильм көрсету кезінде белгіленді.
Концерттік бағдарлама сценарийі: Бостандық, Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық, Өсіп-Өркендеу сияқты ұлттық  құндылықтармен  жүргізіліп отырылды.  Бүкіл іс-шара барысында  Ұлт Көшбасшысы,  Н.Ә. Назарбаевтың  мемлекеттік құрылыстың Қазақстандық үлгісін қалыптастырудағы   ролі аталып отырылды.