Интеллектуальный конкурс “Казахстан – Независимое государство”

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің 25- жылдығын мерекелеу шеңберінде , ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК «Емдеу ісі» мамандығы 41  және «Акушерлер» мамандығы 310 тобының  бітіруші түлектерімен "Қазақстан- Тәуелсіз мемлекет" тақырыбында  интеллектуалдық  конкурсы өткізілді.  Командалар үй тапсырмасын өздерінің болашақ  кәсіптерін баяндай отырып,  тұсаукесерлер түрінде  ұсынды.  «Халық пен ұрпақтар  байланысы»  конкурсында  Қазақстан халқының салт-дәстүрлері  қамтылды.  «Бәйге» ойынында  мемлекет, қала, колледж тарихының мәселелері  айтылды.  Ақылдастар алқасы  мемлекет, рәміздер,  еліміздің  тарихы, қоғам қайраткерлерінің  өмірі мен  олардың Республиканың  қалыптасуына қосқан үлестері білімдерін  жақсы біліетіндерін атап өтті.

Конкурс  командаларды  құттықтап, марапаттаумен  аяқталды.  Аудиториядан тыс  іс-шараны өткізудің мұндай  нысаны  жанкүйерлер мен  қатысушылардың қызығушылықтарын  тудырды.