Праздничный концерт

13 желтоқсан күні  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған  мерекелік  салтанатты  іс-шара өткізілді, онда   колледж директоры Ситказинова Гүлнара  Кинжитаевна  облыс әкімі,  облыстың денсаулық сақтау және білім беру  басқармаларының, жастар саясаты істері  жөніндегі  басқармасының басшылары мен   Павлодар қ. спорт комитетінің  басшысы атынан  (Құрмет Грамоталар мен  Алғыс Хаттар) колледж қызметкерлері мен студенттерін марапаттай отырып, педагогикалық және студенттік  ұжымның шығармашылық жұмысының қорытындысын шығарды. Мереке шеңберінде,  колледждің  барлық  қызметкерлеріне  айлық   мөлшерінде сыйақылар берілді.

Колледж жетістіктері оқу орнының құрылуынан бастап  қазіргі күнге дейінгі  тарихын көрсету кезінде   байқалды.
Концерттік  бағдарлама сценарийінде  Республикамыздың  тарихы, Қазақстан халқының  бірлігі мен  достығы, еліміздің тұрақтылық, жасампаздық және өсіп-өркендеу кезеңі   көрініс тапты. Бүкіл іс-шара барысында  Ұлт Көшбасшысы,  Н.Ә. Назарбаевтың  мемлекеттік құрылыстың Қазақстандық үлгісін қалыптастырудағы   ролі аталып отырылды.
 Іс-шара еліміздің, колледждің  табысты даму жолында  педагогикалық және  студенттік ұжымының  біртұтастығын  көрсетті.