Жаңалықтар

Медицина қызметкерлері күніне арналған волейболдан жарыс

Медицина қызметкерлері күніне арналған волейболдан жарыс

2021 жылдың 16 маусымында колледждің спорт залында медицина қызметкерлері күніне орай 1 курс білім алушылардың арасында волейболдан жарыс басталды. Іс-шараның мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушыларды спортқа және дене шынықтыру сабақтарына тарту, дене дайындығын арттыру. Жарыстар күн сайын 23 маусымға дейін, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өтеді. Жанкүйерлердің қатысуынсыз.  
«Мен жердің сұлулығы мен тазалығын сақтау үшін не істей аламын?»

«Мен жердің сұлулығы мен тазалығын сақтау үшін не істей аламын?»

«Мен жердің сұлулығы мен тазалығын сақтау үшін не істей аламын?» Бұл сұраққа білім алушылар «Өзін-өзі тану» пәнінен өткен факультативті сабақтың бірінде жауап берді. Олар өз жауаптарын сурет түрінде ұсынды, яғни, табиғат пен адам экологиясының ажырамас екенін көрсетті. Табиғат экологиясы - жан экологиясы. Қазір «Экологиялық сана» деген тіркес пайда болды. Бұл біздің Жер-ананың балалары екенімізді еске салуға арналған. Біз табиғатқа анамыздай, өз үйіміздей қарауымыз керек. Көптеген адамдар үшін бұл соңғы уақытта сабақ болар маңызды болды және адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатына
«Жіті ішек жұқпаларының алдын алу»

«Жіті ішек жұқпаларының алдын алу»

1 және 2 курс білім алушылары арасында «Жіті ішек жұқпаларының алдын алу» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, презентациялар мен бейнероликтер қаралды. Сынып сағатының мақсаты білім алушыларды жіті ішек жұқпаларын жұқтыру жолдары және олардың алдын алудың негізгі ережелері туралы ақпараттандыру.
«Менің елімнің Мемлекеттік рәміздері туралы не білемін»

«Менің елімнің Мемлекеттік рәміздері туралы не білемін»

4 маусым күні білім алушылардың ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін жинақтау; танымдық қызығушылығын дамыту, Мемлекеттік рәміздер саласындағы ой-өрісін кеңейту мақсатында 1 курс білім алушылары арасында «Менің елімнің Мемлекеттік рәміздері туралы не білемін» сауалнамасы өткізілді. Сауалнама онлайн және офлайн режимдерінде өтті.
4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Павлодар медициналық жоғары колледжінің кітапханасында ақпараттық кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақпараттық стенд ресімделінді.
"Тарих аясындағы үш Рәміз"

"Тарих аясындағы үш Рәміз"

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері – Елтаңба, Ту және Гимн күні қарсаңында патриотизм рухын нығайтуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді насихаттауға бағытталған 1-2 курс топтарында "Тарих аясындағы үш Рәміз" тақырыбында тарих сағаты өткізілді. 1992 жылдың басында Елтаңба, Ту, Әнұран жобаларын әзірлеуге конкурс жарияланды, оған 600-ден астам адам қатысты. Мемлекеттік Ту эскиздерін шығармашылық әзірлеумен барлығы 1 200 өтінім берілді. Сондай-ақ, болашақ Мемлекеттік Елтаңбаның 245 бейнесі мен 67 сипаттамасы және Мемлекеттік Әнұранның 750 нұсқасы ұсынылды. 1992 жылғы 4 маусымд
«Артериялық гипертензия. Алдын алу»

«Артериялық гипертензия. Алдын алу»

«Эскулап» үйірмесінің кезекті отырысында «Артериялық гипертензия. Алдын алу» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өтті. Үйірме мүшелері 130, 140 мб топтарының білім алушылары болып табылады. Үйірме жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы Досбергенова Қ.И. Дөңгелек үстел барысында білім алушылар артериялық гипертензияға қатысты проблемалық мәселелерді, оның қандай салдарға әкелетінін талқылап, артериялық гипертензияның алдын алудың негізгі жолдарын талқылады.
«Әлем балалар көзімен»

«Әлем балалар көзімен»

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні. Халықаралық балаларды қорғау күні- бұл, ең алдымен, ересектерге балалардың өмірге, пікір және дін бостандығына, білім алуға, демалуға және бос уақытқа, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғауға, адамгершілік және әділ қоғам қалыптастыру үшін қажетті жағдай ретінде балалар еңбегін қанаудан қорғауға құқықтарын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Мерекеге орай, ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК кәсіподақ комитеті қызметкерлердің балалары мен студенттердің балалары арасында «Әлем балалар көзімен» атты конкурс өткізді. Б
«Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған волейболдан турнир»

«Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған волейболдан турнир»

2021 жылғы 2 маусым күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің спорт залында Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған волейболдан турнир өтті. Іс-шараны өткізу мақсаты: · Білім алушылар арасында спортты дамыту және танымал ету. · Білім алушыларды салауатты өмір салты мәдениетіне қажеттілікті қалыптастыру мақсатында сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларға тарту. Турнирге "Емдеу ісі, "Мейірбике ісі" және «Тіс технигі» мамандықта- рының бірінші курс білім алушылары қатысты. Орындар келесідей берілді: 1 орын - "Емдеу ісі" мамандығының құрама командасы; 2
«31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні»

«31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні»

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі-жаппай саяси қуғын-сүргін мен миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жан түршігерлік аштықты еске алу күні. Жыл сайын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығына сәйкес 31 мамыр сталиндік режим (аштық пен жаппай қуғын-сүргін, жазықсыз адамдарды қудалау және күштеп жер аудару) дәуірінде қаза тапқан жазықсыздарды еске алу күні ретінде атап өтіледі. Кеңес Одағының аумағында тұратын халықтың әр түрлі топтарының, барлық ұлттардың өкілдері қуғын-сүргін құрбандары болды. Кеңес өкіметі жылдарында 40 миллионғ
31 мамыр Дүниежүзілік темекісіз күн: мереке тарихы

31 мамыр Дүниежүзілік темекісіз күн: мереке тарихы

31-ші мамыр күні әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда темекісіз күн өткізіледі. Темекі шегудің зияны туралы айтып, салауатты өмір салтын ұстанудың алғашқы қадамын қалай жасау керектігін айту маңызды. Қазіргі заман адамының жаман әдеттері көп. Олардың бірі-темекі шегу. Бұл қауіпті, өйткені ол темекінің құрамындағы никотинге тәуелділікті дамытады, организмдегі зат алмасу үрдісін бұзады, өкпеге және басқа мүшелерге зиянды әсер етеді. Қазіргі уақытта нарколог-дәрігерлер адамдардың зиянды әдеттеріне қарсы күрес жүргізуде. Негізгі мақсат- білім беру, жаман әдеттен бас тартуға көм
«Абайлаңыз поезд!»

«Абайлаңыз поезд!»

Темір жол көлігі нысандарында балалар арасында жазатайым оқиғалардың алдын мақсатында балаларды және олардың ата-аналарын- темір жол аса қауіпті аймақ екенін ескертеміз. Темір жол, қарапайым ережелерді сақтамайтындарға ерекше қауіпті. Адамдардың темір жолда жарақат алуының да ең негізгі себебі- ережелерді өрескел болып табылады. Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімі ЕСКЕРТЕДІ: - Темір жолмен жүруге қатаң түрде тиым салынған! - Темір жол бойымен, шеткі рельстен 5 метрден аса қашықтықта жүру керек! - Темір жолды арнайы төсеніштер арқылы, жақын жерде пойыздың жоқтығына көз