Жаңалықтар

Қатыгездіксіз балалық шақ

Қатыгездіксіз балалық шақ

2020 жылдың 14 қарашасы күні ШЖҚ "Павлодар медициналық жоғары колледжі" КМК-нің 1-2 курс топтарында "Қатыгездіксіз балалық шақ" тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты- балалардың зорлық-зомбылығы мен қатыгездігі, қолдау қызметіне қандай жағдайларда жүгіну қажет екендігі туралы студенттердің хабардарлығын арттыру. Ақпараттық сағат Google Classroom режимінде өтті.
Стресс және дағдарыс
Буллинг: анықтау, жою және алдын-алу

Буллинг: анықтау, жою және алдын-алу

16 қараша күні әлеуметтік педагог А.К. Сейсекенова бірінші курс топтарының кураторларымен ZOOM форматында онлайн-дәріс өткізді. Дәрістің тақырыбы: "Буллинг: анықтау, жою және алдын алу". Буллинг - қазіргі әлемнің өткір әлеуметтік мәселесі. Дәріс барысында педагогтар буллинг ұғымымен, оның түрлері мен нысандарымен, сондай-ақ оқу орнында буллингті тоқтатудың тиімді тәсілдерімен егжей-тегжейлі танысты.
Суицидтің алдын алу

Суицидтің алдын алу

2020 жылғы 12 қарашада "Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы" суицидтің алдын алу мақсатында Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының психологтарымен "Суицидтік мінез-құлық", "Қауіп тобындағы оқушыларды психологиялық сүйемелдеу" тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Аталған іс-шараға ШЖҚ "Павлодар медициналық жоғары колледжі" КМК-ның педагог-психологы З. С. Аммри қатысты.
АИТВ инфекциясы және алдын алу шаралары

АИТВ инфекциясы және алдын алу шаралары

2020 жылдың 11 қарашасында Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ШЖҚ"Павлодар медициналық жоғары колледжі" КМК студенттері мен оқытушыларына ZOOM форматында конференция өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты студенттердің АИТВ-жұқпасы туралы хабардарлығын арттыру және алдын алу шаралары болып табылады.
"Колледж-жанжалсыз аумақ"

"Колледж-жанжалсыз аумақ"

26.10-10.11 аралығында Павлодар облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ медиация орталығы zoom платформасында онлайн режимінде мектеп және студенттік медиацияны ілгерілету бойынша "Колледж – жанжалсыз аумақ" семинарлар циклін ұйымдастырды, оған Павлодар медициналық жоғары колледжінің ТЖ бойынша меңгерушісі, педагог-психолог, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, студенттер қатысты. Бұл іс-шара құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және медиацияны білім беру кеңістігіндегі жанжалдарды шешудің негізгі тәсілі ретінде қолдану мақсатында өткізілді.
Психолог тренингі

Психолог тренингі

2020 жылдың 6,7 қарашасында "Қазақстан әйелдері" Қауымдастығы ҚБ ерте темекі шегудің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында тренингтер ұйымдастырды. "Темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық" және "Ерте жүктілік" тақырыбы бойынша тренингтер "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранттық қаржыландыруымен, "Бала және денсаулық" әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізілді. Аталған іс-шараға ШЖҚ "Павлодар медициналық жоғары колледжі" КМК педагог-психологы З. С. Аммри қаты
Бизнесмен жолы

Бизнесмен жолы

27 қазан күні "Дені сау ұлт" Қоғамдық қоры "Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" ММ қолдауымен жас кәсіпкерлер мен өңірдің бизнес-жаттықтырушыларының қатысуымен ШЖҚ "Павлодар медициналық жоғары колледжі" КМК 2-3 курс студенттері үшін ZOOM форматында "Бизнесмен жолы" акциясын өткізді. Кездесу барысында жас бизнесмендер бизнес - жобаларды құру тәжірибесімен, даму перспективаларымен және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы сұранысқа ие бағыттармен бөлісті. Аталған іс-шараға тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі А.Н.Каптаева және БАҚ менеджері А.Р. Мустафина қатысты
«Әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің қалыптасуы» профилактикалық әңгіме

«Әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің қалыптасуы» профилактикалық әңгіме

26 қазан күні онлайн форматта ШЖҚ "Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК бірінші курс студенттерінің Павлодар қаласы Полиция басқармасы ОПБ МПС бөлімшесі ювеналды полиция тобының инспекторы, полицияның аға лейтенанты Е.Е. Рамазанов және Полиция басқармасы баспасөз қызметі басшысының м. а. Ж. К. Шәкіровпен "Әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің қалыптасуы" тақырыбы бойынша кездесуі ұйымдастырылды. Студенттер  елімізде заңнамалық деңгейде қарастырылған жауапкершілік пен жаза түрлерімен, кәмелетке толмағандар мен жастар жасайтын негізгі құқық бұзушылықтармен танысты, сондай-ақ бейнероликт
Дені Сау ұлт

Дені Сау ұлт

21 қазан күні "Дені сау ұлт" қоғамдық қоры "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" ММ қолдауымен аймақтағы өзекті және сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру қызметін жандандыру мақсатында "Менің тандауым" атты кәсіптер фестивалі аясында өңірдің жалпы орта білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары үшін ZOOM адвайзер форматында көрме өткізді. Аталған іс-шараға ШЖҚ "Павлодар медициналық жоғары колледжі" КМК қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Д.А.Әмір және тәрбие жұмысы бойынша меңгерушісі А.Н.Каптаева қатысып, колледж тарихы туралы бейнефильм және қаб
WorldSkillsKazakhstan

WorldSkillsKazakhstan

2020 жылдың қазан айының  20-да ШЖҚ"Павлодар медициналық жоғары колледжі"  КМК-да "WorldSkills Kazakhstan"кәсіби шеберлік конкурсының аймақтық туры өтті. WorldSkills чемпионаттары-бұл көптеген елдердің үздік шеберлері тәжірибе алмасып, кәсіпқойларға кәсіби қызмет технологияларымен, оқыту технологияларымен және халықаралық деңгейдегі жаңа кәсіби талаптармен (стандарттармен) танысуға және білім беру жүйесін жаңғыртуға ықпал етуге мүмкіндік беретін алаң. Павлодар медициналық жоғары колледжі екінші жыл "Медициналық және әлеуметтік күтім" құзыреттілігі бойынша "WorldSkills Kazakhstan" конкурсының
«АР-НАМЫСТЫ АРҚАЛАҒАН РУХТЫ БАТЫР БАУЫРЖАН»

«АР-НАМЫСТЫ АРҚАЛАҒАН РУХТЫ БАТЫР БАУЫРЖАН»

2020 жылдың 17 қазанында Павлодар медициналық жоғары колледжінде парасаттылық сабағы аясында 1-3 курс студенттері үшін Ұлы полк командирі Бауыржан Момышұлының ерлік істері мен өмірлік ұстанымдары туралы онлайн-дәрістің бірыңғай қарау күні ұйымдастырылды. Биыл аты аңызға айналған командир, көптеген марапаттардың иегері, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды. Батылдық, адалдық және табандылық қасиеттер Бауыржан Момышұлын Халық қаһарманы етті. Оның тұлғасынан жоғары патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиет