Жаңалықтар

Дипломдық жұмыстарды қорғау

Дипломдық жұмыстарды қорғау

2020 жылдың 17 ақпанынан бастап Павлодар медициналық жоғары колледжінде "Мейірбике ісі" мамандығының қолданбалы бакалавриаты бойынша орта білімнен кейін білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестаттауы - дипломдық жұмыстарын қорғау басталды. 2019-2020 оқу жылындағы шығарылым білім алушыларына қорытынды мемлекеттік аттестаттауды өткізу үшін колледж директоры Г. К. Ситказинова емдеу- сауықтыру (фармацевтикалық) ұйымдарының мамандары мен колледж оқытушыларының арасынан мамандық бойынша комиссия құрамын бекітті. Студенттерге дипломдық жұмыстарын өте жақсы қорғауға тілектеспіз. Сәттілік тілей
Сіз диплом қорғауға дайынсыз ба? Тренингке шақырамыз

Сіз диплом қорғауға дайынсыз ба? Тренингке шақырамыз

2020 жылдың 14 ақпаны күні көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша жаттықтырушы С. Д. Касимова Павлодар медициналық жоғары колледжінің "Қолданбалы бакалавр" біліктілігі бар "Мейірбике ісі" мамандығы тобының студенттеріне көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын дамыту, өзіне сенімділік, адамдар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту бойынша сабақ өткізді. Диплом жұмысын қорғау кезінде өзін таныстыру ережелерімен таныстырды: ең бастысы - сенімді сөйлеу, анық және қатты сөйлеу, айтқандарды түсіну, комиссия сұрақтарын мұқият тыңдау, сөйлеу мәдениеті мен презентацияның тиімділігіне назар аудару.
Әкіммен кездесу

Әкіммен кездесу

2020 жылғы 14 ақпан күні Естай атындағы қалалық мәдениет Сарайында Павлодар облысының әкімі А. Б. Скаковтың тұрғындармен есептік кездесуі өтті, оған Павлодар медициналық жоғары колледжінің директоры Г. К. Ситказинова, жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы Ш. Ш. Байгулова және колледждің үздік студенттері қатысты. Кездесуде облыс әкімі өз жұмысының басым бағыттары мен оларды жүзеге асыру жоспарлары: тұрғын үй құрылысы, абаттандыру және ТКШ, ШОБ дамыту және тұрақты, сапалы жұмыс орындарын құру, экология, денсаулық сақтау, білім беру, ауылды дамыту және ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту туралы айтып б
«Ауғаныстан- жүректерге түскен жара..»

«Ауғаныстан- жүректерге түскен жара..»

2020 жылдың 13 ақпаны күні колледждің оқу залында Ауғаныстандағы ұрыс қимылдарының қатысушылары Ғалымжан Гаусильевич Шарапатов пен Юрий Васильевич Клышинмен кездесу өтті. Ауған жауынгерлері студенттерге әскери қызмет кезінде тап болған қиын жағдайлар, бір-біріне қол ұшын беру, сарбаздардың өзара көмегі, нағыз достық туралы айтып берді. Студенттер әскери іс-қимылдарға қатысушылардың естеліктерін үлкен қызығушылықпен тыңдады,сұрақтар қойды. Осы соғыстан қайтып оралмаған адамдардың құрметіне болған бір минут үнсіздікте әркімнің жүрек соғысы қатысушылардың жан дүниесіне айналғандай болды. Бұл кезд
Театрға бару

Театрға бару

2020 жылдың 12 ақпаны күні "Қолданбалы бакалавр" біліктілігі бар "Мейірбике ісі" мамандығы 110 тобының студенттері кураторы А. С. Мапитовамен бірге Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына барып, "Келіндер көтерілісі" атты комедиялық спектаклін тамашалады. Студенттерге театр труппасының жоғары шеберлігі мен таланты, өзбек халқының ұлттық биі мен ұлттық музыкасы ұнады, олар спектакльдің ахуалы мен қызықты сюжеті, көрермендерді жас ұрпақ тәрбиесі туралы еріксіз ойлануға мәжбүр ететін шынайы әзілін атап өтті.
1 лига спартакиадасы

1 лига спартакиадасы

2020 жылдың 12 ақпаны күні "Ертіс" шаңғы базасының жүгіру трассасында Облыстық білім басқармасының спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес колледждердің білім алушылары арасында шаңғы жарысы бойынша 14-ші облыстық спартакиаданың 1 лигасы өткізілді. Жарысқа Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттері: Марченко Кристина "Емдеу ісі" мамандығы 320 тобынан, "Емдеу ісі" мамандығы 220 тобынан Шефер Артур, Серикбаев Рустам, Маркин Даниил, "Мейірбике ісі" мамандығы 120 тобынан Зана Жансая, "Мейірбике ісі" мамандығы 220 тобынан Макеенок Анастасия қатысты.
«Снюске- жоқ, деп айт!»

«Снюске- жоқ, деп айт!»

Балалар мен жасөспірімдер арасында есірткі және психоактивті заттарды тұтыну проблемасы қазіргі уақытта маңызды және өзекті болып отыр. Ол өскелең ұрпақтың денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және балалар мен жасөспірімдердің ағзасына құрамында никотин бар қоспалардың, темекі шекпейтін және темекісіз "снюс" өнімдерінің әсері бойынша халық арасында ақпараттандыруды арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 1-2 курс студенттері үшін "Снюстердің ке
«Абайдың ұлы мұрасы»

«Абайдың ұлы мұрасы»

2020 жылдың тамыз айында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, композитор, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі – Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. 2020 жылдың 11 ақпанында Павлодар медициналық жоғары колледжінің бірінші курс студенттері Шығыс Қазақстан облысының "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық Абай қорық-мұражайының "Абайдың ұлы мұрасы" атты көрмесіне барды. Мұражайдың ғылыми қызметкерлері Абай өмірі мен шығармашылығына арналған экспозициялар бойынша шолу экскурсиясын өткізді. Көрме "Ertis" мультимедиялық мұража
Халықаралық стоматолог күні

Халықаралық стоматолог күні

Жер бетінде адамдарға ақ жарқын, әдемі күлкі сыйлайтын кәсіп иелері бар. Олар ерекше назар аударуға лайық жандар, өйткені олардың міндеті- адамды тартымды және әдемі етуге арналады. Жыл сайын 9 ақпан күні бүкіл әлемде жарқыраған күлкі мен сау тістердің барлық шеберлері өздерінің кәсіби мерекелерін - Халықаралық стоматолог күнін атап өтеді. Біз, «Стоматология» және «Ортопедиялық стоматология» мамандықтарының оқытушылары мен студенттерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Ақ халаттан көремін пәктігіңді, Қорғайсың сен сақшыдай шат күлкімді! Құттықтап арнайы айтқан тілектерді Ниетпен шын жүре
"Ертіс" облыстық телеарнасындағы бағдарлама

"Ертіс" облыстық телеарнасындағы бағдарлама

2020 жылдың 03 ақпаны күні Павлодар облыстық "Ертіс" телеарнасында жыл сайын 4 ақпанда аталып өтетін Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне арналған бағдарлама өтті. Бұл Халықаралық күннің мақсаты-қазіргі өркениеттің ең қорқынышты ауруларының бірі ретіндегі обыр туралы хабардарлықты арттыру, осы аурудың алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аудару. Тікелей эфирге Павлодар облысы паллиативтік көмек ауруханасының әлеуметтік қызметкері Г. Т. Кокушева, аға медбике О. Ю. Торопова, Павлодар медициналық жоғары колледжінің "Акушерка" біліктілігімен "Емдеу ісі" мамандығы 110 тобының студенті, "Қ
Шаңғы жарысы бойынша спартакиада

Шаңғы жарысы бойынша спартакиада

2020 жылдың 01 ақпаны күні медицина мекемелері арасында шаңғы жарысы бойынша 49 қалалық спартакиаданың жаңа маусымы ашылды. Жарыс "Ертіс" шаңғы базасының жүгіру трассасында 50 адамның қатысуымен 8 ерлер және 8 әйелдер командалары арасында өтті. Спартакиаданың кезекті кезеңінде жақсы өнер көрсетіп, оның қорытындысы бойынша әйелдер құрамасы 1 орын, ерлер командасы 3 орын алып лайықты жеңіске жеткен Павлодар медициналық жоғары колледжінің құрама командасын жеңістерімен құттықтаймыз! Жеке біріншілікте "Емдеу ісі" мамандығы 220 тобының студенті Вдовин Александр чемпион атанды. Колледждің қ
Спорттық оқ ату бойынша турнир өтті.

Спорттық оқ ату бойынша турнир өтті.

2020 жылдың 18 қаңтары күні Ақпараттық технологиялар колледжінің базасында салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттау және түсіндіру мақсатында Павлодар облысының медицина қызметкерлері арасында оқ атудан турнир өтті. Турнирге барлығы 24-тен астам адам қатысты. Павлодар медициналық жоғары колледжі командасының құрамында қауіпсіздік қызметінің басшысы Ж. С. Рахимов және студенттер Д. Петушкова, Г. Никитенко, Д. Хасенова болды. Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар қ. № 3 емханасы -1 орын, Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухана - 2 орын; Павлодар медициналық жоғары колледжі-3 о