Жаңалықтар

«Республикам менің ғасырдан ғасырға асқақтай бер»

«Республикам менің ғасырдан ғасырға асқақтай бер»

2019 жылдың 13 желтоқсанын күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің "Қайырымдылық" үйірмесінің волонтерлері паллиативтік көмек ауруханасының мейірбикелік күтім бөлімшесінің пациенттерін ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Волонтерлер жетекшілері К. И. Досбергенова, А. Н. Оспановамен, А. К. Сейсекенова, музыкалық жетекшісі С. О. Белозубпен бірге мерекелік концерт дайындады. Музыкалық нөмірлермен "Акушерка" біліктілігімен "Емдеу ісі" мамандығының 110 топ студенті Кравчук Анна, "Мейірбике ісі" мамандығының 310 топ студенті Серикболова Айгерим өнер көрсетті. Іс-шараның жүргізушілері - Мавлонов
Жарқын күлкі жадырасын саулықпен

Жарқын күлкі жадырасын саулықпен

Павлодар медициналық жоғары колледжінің "Сау тістер-дені сау балалар-дені сау отбасы" үйірмесінің волонтерлері Павлодар облыстық стоматологиялық емханасының дәрігерлерімен бірге Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары арасында стоматологиялық аурулардың алдын алу бойынша айлықты аяқтады. Өткізілген іс-шаралар мектеп жасындағы балаларда гигиена мен тамақтанудың пайдалы әдеттерін, өзіне-өзі қызмет көрсетудің негізгі дағдыларын, ауыз қуысы ауруларының алдын алу, өз денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу және тіс дәрігерінде алдын алушылық тексерулердің қажеттілігін оятуға
«Тоғыз құмалақ» ойыны бойынша колледж біріншілігі

«Тоғыз құмалақ» ойыны бойынша колледж біріншілігі

2019 жылғы 9 желтоқсан мен 12-ші желтоқсан аралығында Павлодар медициналық жоғары колледжінің спорт залында "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі" мамандықтарының студенттері: Құлмахан Әйгерім, Картпаева Райгүл, Зана Жансая, Хонхай Хуралай, Кабдылуат Ақмарал, Балтабаева Сабина, Шеряздан Күміс, Жанарбек Аймолдір арасында "Тоғыз-құмалақ" ойыны бойынша колледж біріншілігі өтті. Қарқынды және қызықты жарыстың қорытындысы бойынша жеке сынақта орындар былайша бөлінді: 1 орын-Құлмахан Айгерим, 310 ф тобының студенті; 2 орын-хонхай Хуралай, 210 с тобының студенті; 3 орын-Кабдылуат Ақмарал, 210 ПБ тобының ст
БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) республикалық кеңесі

БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) республикалық кеңесі

2019 жылғы 10 мен 13-ші желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ЮНИСЕФ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес ҚР ДСМ, ЮНИСЕФ, ДСДРО, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың денсаулық сақтау басқармалары, БШАБЖ өңірлік үйлестірушілері, БМПМҚ өңірлік жаттықтырушылары, БМӘК практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысуымен республикалық деңгейдегі кеңес өтуде. Павлодар облысының атынан Павлодар облысының облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің басшысы Г. Жармакина, БМПМҚ өңірлік жаттықтырушылары: Павлод
"Менің тәуелсіз Қазақстаным"

"Менің тәуелсіз Қазақстаным"

2019 жылдың 12 желтоқсанында колледждің акт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған онкүндік «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты мерекелік концертімен аяқталды. Сахна төрінен мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі өміріндегі негізгі кезеңдері баяндалды. Колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. З. Байгульжина мерекемен құттықтап, колледж оқытушылары мен қызметкерлеріне Тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы жетістіктері, кәсіподақ қозғалысына, денсаулық сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін "SENIM" Денсаулық сақтау қызметкерлер
Республикалық пәндік олимпиада

Республикалық пәндік олимпиада

29 қараша мен 12 желтоқсан аралығында "Биология" пәні бойынша Республикалық олимпиада өтті. Оған "Емдеу ісі", "Мейіргер ісі", "Фармация" мамандықтарының бірінші курс студенттері қатысып, жеңімпаз атанды. Жетекшілері: жалпы кәсіптік пәндер оқытушылары Назаренко Л. Н., Нурмагамбетова Г. Р., Байгуловова Ш. Ш. Олимпиаданың ұйымдастырушысы: "Globus" республикалық білім беру орталығы, Алматы қ.
«Еңбек ардагері» медалі.

«Еңбек ардагері» медалі.

2019 жылғы 12 желтоқсан күні Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Павлодар облысы ДСБ басшысының міндетін атқарушы А. М. Күзеков құттықтау сөз сөйледі. Ол ҚР Тәуелсіздік күні ұлттық мейрамының халық пен мемлекет үшін тарихи, саяси маңыздылығын атап, облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосқан қызметкерлерді атап өтті. Еңбек қызметіндегі жоғары нәтижелері үшін ҚР ДСМ "Еңбек ардагері" ведомстволық медалімен Павлодар медициналық жоғары колледжінің оқытушысы Ж. К. Мейрамова мара
Құрметті әріптестер, қызметкерлер, студенттер және ата-аналар!

Құрметті әріптестер, қызметкерлер, студенттер және ата-аналар!

Құрметті әріптестер, қызметкерлер, студенттер және ата-аналар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің барлық азаматтары үшін осы атаулы күнмен шын жүректен шыққан құттықтауларымды қабыл алыңыздар. Тәуелсіздік тарихы-бұл біздің республикамыздың жеңістері мен жетістіктерінің, қалыптасуы мен өзін-өзі растаудың жарқын жолы. Біздің мемлекетіміз жылдан жылға мықты, дамыған және бай ел бола берсін! Сіздердің отбасыларыңызға жақсылық, гүлдену, тұрақтылық, жарқын көңіл-күй, позитивтілік, бақыт пен береке тілеймін. Әр үйде тыныштық, береке және жайлылық болсын. Колледж студен
«Сергектік» спорттық мерекесі

«Сергектік» спорттық мерекесі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Павлодар медициналық жоғары колледжінің спорт залында студенттердің жауапкершілік, ұжымшылдық, серіктестік өзара көмек, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, қазақ ұлттық қозғалмалы ойындарын дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Сергектік" дәстүрлі спорттық мерекесі өтті. Шапшаңдықты, күш пен ептілікті көрсету үшін колледждің үш құрама командасы қатысты. Жарысқа аралас эстафеталар, қазақтың ұлттық ойындары "Күрескен шынжыр", "Тұтқынға алу", "Арқан тарту", «Үздік атқыш» сайысы енгізілді. Қатысушыларды жанкүйерлері с
Алға, Қазақстан!

Алға, Қазақстан!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар онкүндігінің шеңберінде арнайы пән оқытушысы А. С. Мапитова музыка құралдары, музыкалық-ырғақтық қозғалыстар арқылы студенттерге достық, сезімталдық, толеранттік, өзара көмек көрсету сияқты қасиеттерді дарыту мақсатында "Алға, Қазақстан!" атты флешмоб ұйымдастырды. Осы іс-шараға 10 желтоқсан күні колледж фойесінде "Мейірбике ісі" мамандығының 110, 120 және "Қолданбалы бакалавр"біліктілігімен 110 тобының студенттері қатысты.
Волонтер -2019

Волонтер -2019

9 желтоқсан күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің акт залында Павлодар облысы волонтерлерінің жыл сайынғы облыстық форумы өтті, онда "Жыл волонтері – 2019 " байқауының қорытындысы шығарылды. Аймақтағы волонтерлер қозғалысын дамытуға және қолдауға қосқан үлесі үшін, қоғам мәселелеріне немқұрайлы қарамағаны үшін Алғыс Хатпен аталғандар арасында Павлодар медициналық жоғары колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының 3 курс студенті Накенова Асель де марапатталды. Волонтерлерге мейірімді жүрегі мен дархан жаны үшін, қиын да, ізгі істері үшін алғысымыз шексіз.
«Ашық сабақ – 2019» педагогикалық конкурсы

«Ашық сабақ – 2019» педагогикалық конкурсы

Оқытушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, оқыту сапасын арттыру және білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелікпен қамтамасыз етуді жетілдіру үшін 25.11 мен 07.12.2019 ж. аралығында Алматы қ. "Progress" республикалық білім беру зияткерлік орталығы "Ашық сабақ – 2019" педагогикалық конкурсын өткізді. Павлодар медициналық жоғары колледжінің жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы Л.Н.Назаренко конкурсқа «Анатомия, физиология және патология» пәні бойынша «Май алмасу. Су-тұз алмасуы» тақырыбында сабақтың авторлық әдістемелік өңдемесін ұсынды. Педагогтың шығармашылығы, ақпараттық технологияларды,