Жаңалықтар

«Салауатты күлкі» акциясы

«Салауатты күлкі» акциясы

"Стоматология" мамандығы 210 тобының "Салауатты тістер - дені сау балалар - дені сау отбасы" волонтерлер қозғалысының студенттері "Павлодар облыстық стоматологиялық емханасы" ШЖҚ-ғы КМК дәрігерлерімен бірге "Салауатты күлкі"акциясын ұйымдастырды. Павлодар қаласының № 34 және №43 мектептерінің бастауыш сынып оқушылары үшін ауыз қуысының гигиенасы бойынша ойын түрінде дәріс өткізіп, әрқайсысына "Колгейт" компаниясының тіс пастасы бар пакетик, сондай-ақ тіс тазалау күнтізбесі мен "тіс қорғаушысы"дипломын табыс етті.
Медицина қызметкерлерінің 49-шы кешенді спартакиадасы

Медицина қызметкерлерінің 49-шы кешенді спартакиадасы

Қарашаның 18 мен 24 аралығында Павлодар медициналық жоғары колледжінің спорт залында медицина қызметкерлерінің 49-шы кешенді спартакиадасы шеңберінде медициналық ұйымдар арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа 10 әйелдер және 8 ерлер командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облыстық онкологиялық диспансері чемпион атанды, Павлодар қаласының №3 емханасы күміс жүлдегер атанды, Павлодар медициналық жоғары колледжінің командасы қола жүлдегер атанды. "Емдеу ісі"мамандығының 110-ші курс студенті Порада Светлана Павлодар медициналық жоғары колледжінің үздік ойыншысы атанды
Adviser көрмесі

Adviser көрмесі

2019 жылғы 22 қараша күні аймақтың ЖОО мен колледждерінің Adviser көрмесіне Павлодар медициналық жоғары колледжінің өкілдері: Ситказинова Г. К., колледж директоры, Ксембаева Д., М., тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі, Амир Д. А., қабылдау комиссиясының хатшысы, Накенова А., "Емдеу ісі"мамандығы 320 тобының бітіруші курс студенті қатысты. Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" КММ ұйымдастырған іс-шараның мақсаты мектеп түлектері мен студенттер арасында кәсіптік бағдар беру ақпараттық-түсіндіру қызметі болып табылады. Көрмеге қатысушыла
1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні.

1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мен БҰҰ Бас Ассамблеясының 1988 жылы қабылданған шешіміне сәйкес 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні болып табылады. АИВ/ЖИТС - пен байланысты мәселелер бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, салауатты өмір салты туралы түсінік қалыптастыру мақсатында 2019 жылы 22 қараша күні колледждің акт залында студенттер үшін Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы А. Т. Қыбышевамен кездесу ұйымдастырылды. Балаларға АИВ және ЖИТС туралы, негізгі ұғымдар, берілу жолдары және алдын алу туралы бейнеролик көрсетілді.
«Біз сақтандырылдық! Денсаулық - өзіміздің қолымызда»

«Біз сақтандырылдық! Денсаулық - өзіміздің қолымызда»

2019 жылғы 21 қараша күні «Емдеу ісі» мамандығы 310 және 320 топтарының студенттері «Batyr Moll» СОО-да «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы ұйымдастырған «Біз сақтандырылдық! Денсаулығымыз – өзіміздің қолымызда» атты Флешмобына қатысты. Іс-шараның мақсаты: МӘМС енгізу бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
«Алтын Бата» туған күні

«Алтын Бата» туған күні

2019 жылғы 20 қараша күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің волонтерлері - "Емдеу ісі" мамандығы 320 тобының студенттері Тамабаев Мәди, Бекқожанов Әділет, Аубакиров Данияр, Накенова Әсел, Сорока Екатерина, Оспанова Анна – балаларға ерекше білім беру қажеттіліктерімен айналысатын «Алтын бата» ҚҚ балаларды оңалту орталығын туған күнімен құттықтады. Тәрбиеленушілердің алдында аниматорлар, колледж студенттері мерекелік бағдарлама дайындап, түрлі ойындар, конкурстар өткізді. Балалардың ата-аналары волонтерлерге олардың қайырымдылығы, мейірімділігі және балаларға деген махаббаты үшін зор алғ
«Гиппократ» Олимпиадасы

«Гиппократ» Олимпиадасы

"Мейірбике ісі" және "Фармация" мамандықтарының 2-3 курс студенттері "Гиппократ" Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысты. "Urker mitec" зияткерлік орталығы" ЖШС ұйымдастырған олимпиада таңдаған мамандыққа деген қызығушылықты арттыруға, танымдық дағдыларды дамытуға ықпал етті. Олимпиада қорытындысы бойынша 20 студент жүлдегер атанды: 1 орын – Чудевич Л., Тыщенко В, Саитова А. (210 фарм тобы), 2 орын – Верменич Ю, Дюсембенова Д, Курбико У, Мустафинова Э, Семка К (210 фарм), Слепко В (330 мб), Мушенкова А, Генералова М (110 ҚБ), 3 орын – Храмова Т, Бород С, (210 фарм), Тюлюбаева А, Халико
Полиция инспекторымен кездесу

Полиция инспекторымен кездесу

Колледждің тәрбие жұмысының бір бағыты студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық санасын дамыту болып табылады. Бұл тақырыпқа Павлодар қ. ПБ Орталық ПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны А. А. Уразғалиеваның Павлодар медициналық жоғары колледжінің бірінші курс білім алушыларымен алдын алу әңгімесі арналды. Әлия Аблаевна жастар арасындағы құқық бұзушылықтар, түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы айтып берді.
ERTIS TAŃY

ERTIS TAŃY

2019 жылғы 19 қараша күні "ERTIS TAŃY" бағдарламасының тікелей эфирінде V Республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары» өз жетістіктері туралы айтты. Жүлдегерлер арасында Серікболова Айгерім, Павлодар медициналық жоғары колледжінің "Мейірбике ісі" мамандығының 310 топ студенті "Медициналық және әлеуметтік күтім" құзыры бойынша (2 орын). Павлодар облысын колледж студенттері 22 құзыреттілік бойынша таныстырды: 2 алтын (Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі, Павлодар технологиялық колледжі), 3 күміс (Павлодар медициналық жоғары колледжі, Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалал
Біз жүлдегерлер қатарында!

Біз жүлдегерлер қатарында!

Жыл сайынғы "Worldskills Kazakhstan -2019" республикалық чемпионаты аяқталды. 2019 жылғы 15 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және Келісім Сарайында V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша "Медициналық және әлеуметтік күтім" біліктілігі бойынша екінші жүлделі орынға Павлодар медициналық жоғары колледжінің "Мейірбике ісі" мамандығының 310 топ студенті Серікболова Айгерім ие болды. Айгерім өз құзыретіндегі жоғары дағдыларды, білімділікті лайықты көрсетіп, ҚР БҒМ медалімен және Дипломымен марапатталды. "Worldskills
«The last MAMONT» («Соңғы мамонт»)

«The last MAMONT» («Соңғы мамонт»)

Рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту, жалпы мәдениетті қалыптастыру, студенттердің ой-өрісін кеңейту театр әлеміне тарту арқылы жүзеге асырылады. Колледжде қала театрларына бару дәстүрге айналды. "Мейіргер ісі" мамандығы 120 тобының студенттері Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық музыкалық драма театрында "Соңғы мамонт" атты Асылбек Ихсан пьесасы бойынша алматылық режиссер Данияр Базарқұловтың спектакліне қатысты. Бұл мистикалық драма, пьеса-қиял. Сюжет негізінде - адамзаттың даму тарихы. Спектакльдің премьерасы 2019 жылғы 23-24 қазан айында өтті.
Кітап оқып, рухани бай бол!

Кітап оқып, рухани бай бол!

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың білім деңгейін арттыру болып табылады. Оқырмандар санын арттыру, студенттерді оқуға тарту, білім беру мәдениетін дамыту және қолдау, қазақ және шетел әдебиетінің үздік әдеби шығармаларын насихаттау мақсатында колледж кітапханасының қызметкерлері кітап көрмесін ұйымдастырды. Колледж кітапханашысы Ж. А. Садыкова студенттерді оқу залының қорына түскен жаңа әдебиеттермен таныстырды. 2019 жылдың 11-16 қараша аралығында студенттердің жаңа кітап топтамаларымен танысуға мүмкіндігі бар.