Жаңалықтар

Түлектерді жұмысқа бөлу -2019

Түлектерді жұмысқа бөлу -2019

2019 жылғы 3 сәуір күні ШЖҚ "Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК түлектерін жұмысқа жеке-жеке бөлу ісі өтті. Оған "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі", "Фармация" және "Ортопедиялық стоматология" мамандықтарының 394 студенті қатысты. Колледж директоры Г.К. Ситказинованың жетекшілігімен комиссия құрамына денсаулық сақтау басқармасының, «SENIM» медицина қызметкерлері кәсіподағы облыстық филиалының өкілдері, бас дәрігерлер мен медбикелер, сондай-ақ кадрлық қызметтің инспекторлары кірді. Болашақ жұмысты іріктеу практикалық қоғамдық денсаулық сақтау саласымен бірге өткізілетін бос орындар жәрмеңкес
Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпараттандыру күні

Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпараттандыру күні

Сәуірдің 2-і күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде аутизм проблемасы туралы ақпаратты таратудың Дүниежүзілік күніне арналған акция басталды. Топтарда ақпараттық әңгімелесулер өтіп, аутизмге шалдыққан адамдарға көмек көрсету проблемаларына, міндеттері мен қажеттілігіне тоқталды. Волонтерлік қозғалыстың жұмысын жалғастыру мәселесі көтерілді.  
Плакаттар байқауы

Плакаттар байқауы

2019 жылдың 2 сәуірінде Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттері Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне арналған акция аясында плакаттар байқауын өткізді.
«Біз Сіздермен  бірге!»

«Біз Сіздермен бірге!»

Дүниежүзілік аутизм проблемалары туралы ақпарат беру күні аясында, 2019 жылғы 2 сәуір күні Павлодар медициналық жоғарғы колледжінің «Біз Сіздермен бірге!» атты волонтерлік қозғалысының мүшелері «Алтын бата» Қоғамдық қорына барып, колледж оқушылары жинаған сыйлықтарды сыйға тартты және аниматорлармен мерекелік концерт дайындады. Волонтерлер қозғалысы мүшелерінің балалармен қарым-қатынасы жалғасуда.
Колледж аумағын тазалау

Колледж аумағын тазалау

Сәуір-тазалық пен тәртіпті сақтаудың дәстүрлі кезеңі, айдың бірінші күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттері көше жинауға шығып колледждің іргелес және бекітілген аумағында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Ағылшын тілі бойынша олимпиада

Ағылшын тілі бойынша олимпиада

1 сәуір күні 110 «Емдеу ісі»  және 210 «Мейіргер ісі» топтарының 1 және 2 курс студенттері М. В. Ломоносов атындағы ағылшын тілі бойынша Республикалық қашықтық пәндік олимпиадасына қатысты. Нәтижелері  бір ай ішінде белгілі болады.
Дүниежүзілік стоматологиялық денсаулық күні

Дүниежүзілік стоматологиялық денсаулық күні

Наурыздың 20- күні әлемнің барлық елдерінде «Стоматологиялық денсаулық күні» өтеді. Өйткені, адамды қуанышқа бөлейтін аппақ жарқын күлкі адамның денсаулығы мен саулығының нышаны болып табылады. Стоматологиялық денсаулық мәселелеріне назар аудару мақсатында «Дені сау тістер-дені сау балалар-дені сау отбасы» волонтерлер қозғалысының мүшелері мен жетекшілері О. А. Бенке мен Т. Ш. Нұрұмбетов тістерді тазалау ережелеріне, ауыз қуысының гигиенасына арналған стенд ресімделді. Волонтерлер 1 курс студенттері арасында «Ауыз қуысы ауруларының алдын алу және тамақтану» атты сауалнама жүргізді.
«Наурыз думан»

«Наурыз думан»

Наурыз-жер бетіндегі ең көне мейрамдардың бірі, бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа өмірдің бастауы. 19 наурыз күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде «Наурыз-думан» мерекелік іс-шарасы өтті. Колледж директоры Г. К. Ситказинова ұжым мен студенттер құрамын «Наурыз» мерекесімен құттықтап, барлығына денсаулық, бақыт тіледі және колледж қызметкерлерін Денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде адал еңбегі үшін Мақтау Грамоталарымен марапаттады. Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты, студенттер әдемі әндер мен халық билерін орындады. «Нұр Ана» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мере
Өзін-өзі басқару күні

Өзін-өзі басқару күні

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен 15 наурызда «Жастар жылы» аясында Павлодар медициналық жоғары колледжінде «Өзін-өзі басқару күні» өтті. Бұл күні студенттер колледждің директоры және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (директор орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, кадрлық, әкімшілік-шаруашылық, колледждің қауіпсіздік қызметінің басшылары, оқу үдерісін цифрландыру, кітапханашы, баспасөз хатшысы, референт - хатшысы және кезекші әкімшінің) рөлдерін өз мойнына алды. Директордың дублері «Емдеу ісі» мамандығының 220 топ студенті Бекхожано
Назар салатын лайықты күн!

Назар салатын лайықты күн!

Наурыздың 14-і күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде мемлекеттік тілдің жанашыры, аудармашы Әлімбаева Сақыпжамал Жанәбілқызының 70- жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс–шара өтті. Мерейтой иесін құттықтауға әріптестері, туған-туыстары жиналды. Сақыпжамал Жанәбілқызы 1949 жылы Павлодар облысы, Кашыр ауданы Песчаное ауылында Ұлы Отан соғысы ардагері Әлімбаев Жанәбіл отбасында дүниеге келді. 1967 жылы Кашыр орта мектебін бітіргеннен кейін, Алматы қаласындағы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп, 1971 жылы Павлодар қаласына жолдамамен келіп,еңбек жолын мәдениет саласынд
«Кыздар сайысы - 2019» спорт мерекесі

«Кыздар сайысы - 2019» спорт мерекесі

«Наурыз мейрамы» көктем мерекесі қарсаңында 2019 жылы 13 наурызда «SENIM» «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының қолдауымен,Павлодар медициналық жоғары колледжінің спорт залында «Қыздар сайысы-2019» турнирі өтті. Жарысқа Павлодар медициналық жоғары колледжінің, Павлодар педагогикалық колледжінің, Павлодар техникалық-экономикалық колледжіні, Инновациялық Евразиялық универсетінің колледжінің құрама командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесі тәртіппен бөлінді: I орын - Павлодар медициналық жоғары колледжінің құрамасы II ор
Радиодан сөйлеу

Радиодан сөйлеу

10 наурыз күні "Халық радиосы" радиостансасының эфирінде патронаждық қызметтің әмбебап прогрессивті моделі бойынша аймақтық жаттықтырушылары колледж директоры Г. К. Ситказинова және арнайы пәндер оқытушысы Г. Н. Садыкова "Балалық шақ академиясы" бағдарламасында сөз сөйлеп, онда жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін іске асыру туралы айтып берді. 2019 жылдың ақпан айынан бастап Павлодар медициналық жоғары колледжінде жаттықтырушылар облыстық Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету учаскелік мейірбикелерін оқыта бастады.