Жаңалықтар

Көптілді білім беру бойынша семинар

Көптілді білім беру бойынша семинар

11 желтоқсан күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде көптілді оқытуды енгізу бойынша семинар өтті. Колледж әдіскерлері педагогикалық ұжымды оқу үрдісіне көптілділікті енгізу жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырды.
«Менің Қазақстаным» шығармалар сайысы

«Менің Қазақстаным» шығармалар сайысы

11 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған онкүндік аясында колледжде «Менің Қазақстаным» атты шығармалар сайысы өтті, оған «Мейіргер ісі» және «Фармация» мамандықтарының 35 студенті қатысты. Конкурс қорытындысы: I орын-Эбергардт Галина 110 «Фармация». II орын-Ишмуратова Светлана 240 «Мейіргер ісі» және Мустафинова Эльмира 110 «Фармация». III орын - Климова Наталья 240 «Мейірбике ісі» және Усманова Кристина 110 «Фармация».
Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

10 желтоқсан күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде дәрігер-педиатр, арнайы пәндер оқытушысы Ажаева Алтынай Серікқызының 70- жасқа толған мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Әріптестері, туыстары, түлектер мен студенттер оны айтулы оқиғамен құттықтап, денсаулық, бақыт, ұзақ өмір тіледі. Алтынай Серікқызы мектепті бітіргеннен кейін, 1963 жылы Ақтөбе медициналық училищесіне түсіп, 1967 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша "Акушерка"біліктілігімен диплом алды. 1970 жылдан 1976 жылға дейін Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында "Педиатрия" мамандығы бойынша оқуын жалғастырды, 1976
«Сәлем, Студент!»

«Сәлем, Студент!»

7 желтоқсан күні ИНЕУ базасында Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Павлодар облысының Қазақстан Жастар Конгресі» ОФ ұйымдастырылған «Сәлем, Студент!» атты шығармашылық конкурсы өтті. Конкурсқа колледж студенттері қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша "Вокал" номинациясы бойынша «Фармация» мамандығының 310 тобының студенті Хорошкова Валерия 1 жүлделі орынға ие болды, осы номинацияда «Мейіргер ісі» мамандығының 320 тобының студенті Сағидолла Наурыз 2 жүлделі орынға ие болды. 110 «Емдеу ісі» тобының студенті Бейсова Баян «Вокал» номинациясында қатысқа
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум

2018 жылғы 7 желтоқсан күні Естай атындағы қалалық мәдениет Сарайында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті. Форумға колледж директоры Г. К. Ситказинова, психолог Т. В. Зеленцова,дене шынықтыру нұсқаушысы Н.Н.Сидоров.,информатика мұғалімі Ж. Н. Мукенова, заңгер З. Абдрахманова, ""Емдеу ісі" және "Фармация" мамандықтарының студенттері қатысты.
«М. В. Ломоносов атындағы I турнир».

«М. В. Ломоносов атындағы I турнир».

7 желтоқсан күні «Емдеу ісі» мамандығы 110, 120, «Акушер» біліктігімен «Емдеу ісі» мамандығы 110, «Фармация» мамандығы 110 топтарының бірінші курс студенттері биология және химия пәндері бойынша «М. В. Ломоносов атындағы I турнир» Халықаралық қашықтық пәндік олимпиадасына қатысты. Барлығы 23 студент қатысты, нәтижелері бір ай ішінде белгілі болады.
Сынып сағаты

Сынып сағаты

7 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған онкүндік аясында, «Мейіргер ісі» мамандығы 210 тобының сынып жетекшісі Ш.Ж. Кулбекова «Тәуелсіздік тұғырында» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
ИНЕУ-дің кәсіби бағдары

ИНЕУ-дің кәсіби бағдары

6 желтоқсан күні Инновациялық Еуразия университетінің қызметкерлері 4 курс студенттері үшін өз оқу орнында мамандық таңдау және оқуға түсу ережелері бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
«Студенттік Стартап»

«Студенттік Стартап»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, колледжде елімізде инновацияларды дамытуға және жастар ортасында кәсіпкерлік бастамаларды қалыптастыруға бағытталған «Студенттік Стартап» конкурсы өтті. Конкурста студенттер өз жобалары мен бизнес жоспарларын таныстырды. Конкурс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орын – «Акушер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының 110 тобы 2 орын – «Емдеу ісі» мамандығының 110 тобы 3 орын- «Стоматология» мамандығының 110 тобы
«Жемқорлыққа жол жоқ!»

«Жемқорлыққа жол жоқ!»

Білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды насихаттау және қалыптастыру, құқықтық сананы, азаматтық ұстанымды, құқықтық мәдениетті дамыту мақсатында, жыл сайын 9 желтоқсан күні өтетін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, колледжде «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында бірыңғай сабақтар өтті.  
Шағын футболдан турнир

Шағын футболдан турнир

1 -2 желтоқсанда Семей қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған медицина қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. Ойын қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрама командасы 3 орынға ие болды. Құрама команда құрамында Павлодар медициналық жоғары колледжінің түлегі Наби Ербол қатысты, ол № 1 қалалық ауруханада мейіраға болып жұмыс істейді.
Ақпараттық сағат

Ақпараттық сағат

4 желтоқсан күні «Емдеу ісі» мамандығы 120 тобының сынып жетекшісі Б.Н. Алимуханова ақпараттық сағат өткізді. Топ студенті Шефер Артур Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевпен кездесу туралы және «Жас Сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысы туралы өз әсерлерімен бөлісті.