Жаңалықтар

"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы

"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы

27 қараша күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн"акциясына арналған дәріс өтті. Дәрісті "Балалармен әйелдерге арналған бейімделу орталығы" психологы Д. Ж. Дженалинова, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Б. Е. Турсаринова, құқықтық мәселелер жөніндегі маман К. К. Нургалиева жүргізді. Іс-шараға "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Фармация" мамандықтарының студенттері қатысты.  
Аудиториядан тыс сабақ

Аудиториядан тыс сабақ

№ 1 клиникалық пәндер ЦӘК апталығы аясында 23 қарашада «Қайырымдылық» волонтерлік қозғалысының жетекшісі А.К.Сейсекенова «Объектілер мен қызметтердің қол жетімділігі мәселелерін шешу үшін мүгедектік нысандарын жүйелеу» тақырыбында аудиториядан тыс ашық сабақ өткізді. Іс-шараға осы үйірменің мүшелері қатысты.
Волейбол бойынша спартакиада.

Волейбол бойынша спартакиада.

24 қараша айы күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде волейбол бойынша медициналық ұйымдар арасында Спартакиада өтті. Оған әр ұйымнан әйелдер командасы қатысты. Жалпы командалық сынақта орындар келесі тәртіпте орналасты: 1 орын - Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің құрамасы 2 орын -Павлодар қалалық №1 ауруханасының құрама командасы. 3 орын - Павлодар медициналық жоғары колледжінің құрама командасы.
«Дені сау жастар-салауатты тамақтану» конференциясының қорытындысы

«Дені сау жастар-салауатты тамақтану» конференциясының қорытындысы

Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттері «Салауатты өмір салты орталығы» ЖШС  базасында  өткен "Салауатты жастар-салауатты тамақтану" атты облыстық жастар конференциясына қатысты. Конференция қорытындысы бойынша: І дәрежелі Дипломмен «Зертханалық диагностика» мамандығының 210 тобының студенті Чернова Светлана марапатталды, ғылыми жетекшісі  Ахитова Б.М. Конференцияға қатысушы дипломымен  «Емдеу ісі» мамандығының 120 тобының студенті-Газдиев Батыр марапатталды, ғылыми жетекшілері Әмір Д. А., Байгулова Ш.Ш.
«Қоғамдық сананы жаңғырту: «Рухани Жаңғыру» бағыты

«Қоғамдық сананы жаңғырту: «Рухани Жаңғыру» бағыты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылауда студенттердің бойына патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында 22 қараша күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде «Қоғамдық сананы жаңғырту: «Рухани Жаңғыру» бағыты бойынша аудиториядан тыс іс-шара өтті. Іс-шараны тарих пәнінің оқытушысы Ғ. Ж. Елмұратов өткізді, іс-шара қонақтары болып С.Торайғыров атындағы ПМУ жанындағы "Рухани жаңғыру" институтының өкілдері Омашев Әділет пен Абисаликов Ерғанат қатысты.
«Білу -өмір сүруді білдіреді»  аудиториядан тыс ашық сабақ

«Білу -өмір сүруді білдіреді» аудиториядан тыс ашық сабақ

№ 1 клиникалық пәндер ЦӘК апталығы аясында 20 қарашада «СТОП ЖИТС»  үйірмесінің жетекшілері А.Ж.Хамитова мен М.Ж. Исемберлинова  «Білу -өмір сүруді білдіреді» атты тақырыбында аудиториядан тыс ашық сабақ өткізді. Іс-шараға үйірменің мүшелері қатысты. Іс-араның мақсаты-оқушыларды АИТВ- жұқпасы туралы ақпараттандыру, олардың репродуктивті денсаулыққа жауапты көзқарасын қалыптастыру. АИТВ, ЖИТС алдын алу бүгінгі күні отбасында да, білім беру мекемелерінде де көтерілуге тиіс аса өзекті тақырып болып табылады.
«Біздің Президент» кітап көрмесі

«Біздің Президент» кітап көрмесі

20 қарашадан бастап Павлодар медициналық жоғары колледжінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған онкүндік басталды. Онкүндік аясында колледж кітапханасында «Біздің Президент» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге колледж студенттері қатысуда.
«ЖИТС – ғасырдың қатерлі ауруы» ашық снып сағаты

«ЖИТС – ғасырдың қатерлі ауруы» ашық снып сағаты

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 19 қараша күні 340 «Мейіргер ісі» тобында сынып жетрекшісі Н.В. Боровикова «ЖИТС – ғасырдың қатерлі ауруы» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді.
«Бір Отан! Бір тағдыр! Бір көшбасшы!» ашық снып сағаты

«Бір Отан! Бір тағдыр! Бір көшбасшы!» ашық снып сағаты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған онкүндік щеңберінде 19 қараша күні «Емдеу ісі» мамандығының 120 тобында сынып жетекшісі Б.Н.Алимуханова «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір көшбасшы!» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді.
«Диабет бақылауда» акциясы жалғасуда

«Диабет бақылауда» акциясы жалғасуда

«Диабет бақылауда» ұлттық бағдарламасы мен халық арасында қант диабетінің алдын алу күніне арналған айлық аясында 19 қараша күні «Диабет» үйірмесінің мүшелері үйірме жетекшісі Б. Б. Утельбаевамен бірге колледж студенттері және қызметкерлері арасында қандағы қант мөлшерін өлшеу бойынша тексеру жүргізді.
Асыл сөз» облыстық байқауы

Асыл сөз» облыстық байқауы

2018 жылдың 16 қарашасында «Стоматология» мамандығының 120 тобының студенті Максимцева Александра «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы Дала Мәңгілік тілі» жобасын және «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Асыл сөз» облыстық байқауына қатысты. Байқау жыл сайын мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт студенттері арасында өткізіледі. Александра мемлекеттік тілді меңгерудің жақсы деңгейін көрсетіп, белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
«Артериялық гипертензия» аудиториядан тыс сабақ

«Артериялық гипертензия» аудиториядан тыс сабақ

№ 2 клиникалық пәндер ЦӘК апталығы аясында 16 қарашада «Эскулап» үйірмесінің жетекшісі И.В.Лебедева «Артериялық гипертензия» тақырыбында аудиториядан тыс ашық сабақ өткізді. Іс-шараға үйірменің мүшелері қатысты.