Жаңалықтар

«Мәшһүр Жүсіп оқулары» қалалық конкурсы

«Мәшһүр Жүсіп оқулары» қалалық конкурсы

С. Торайғыров атындағы ПМУ жанындағы Мәшһүртану орталығымен, Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітімен және Мәшһүр Жүсіп кесенесінің ғылыми қызметкерлерімен бірге ұйымдастырылған «Мәшһүр Жүсіп оқулары» қалалық конкурсына «Павлодар медициналық жоғары колледжі» -нің студенті Аманқұл Ұлжалғас қатысып, «Жас талап» номинациясына ие болды. Әділ-қазылар бұл конкурстың 3 кезеңінен сүрінбей өткен студенттің өнерін ерекше атап өтті.
«Латын тілі жасасын!»

«Латын тілі жасасын!»

Колледжде бірінші курс студенттері үшін «Латын тілі жасасын!» атты аудиториядан тыс іс-шара өтті. Ежелгі грек құдайлары әдеби латын тілінің қысқаша даму тарихын айтып, "Mirabile futurum"әнін орындады. Сонымен қатар студенттерге қазіргі әлемдегі және медицинадағы латын тілінің рөлі туралы презентация көрсетілді. Шара соңында "Gaudeamus igitur" студенттік әнұраны шырқалды. Бұл іс-шара студенттердің болашақ мамандықты меңгерудегі маңызды пәндердің бірі ретінде және тілді үйрену қажеттілігін қалыптастырады.
«Білім алушыларды мәдени ағарту»

«Білім алушыларды мәдени ағарту»

Білім алушыларды мәдени дамыту мен ағарту мақсатында Павлодар медициналық жоғары колледжінің 120,45 «Медбикелік іс», 110 «Емдеу ісі», 110,120,210 «Стоматология» топтарының студенттері және 120 «Медбикелік іс» мамандығының «Қолданбалы Бакалавриат» білітілігнің студенттері Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры мен А.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрына қатысты.
«Қайырымдылық пен мейрімділік күні»

«Қайырымдылық пен мейрімділік күні»

Күзгі күнтізбеде ерекше күн бар, бұл күні жүрегіміз ерекше сезімге толып, жылы сөздер мен алғыс айтып, құрмет көрсету күні – ол Аға буын өкілдерін құрметтеу күні. Павлодар медициналық жоғары колледжінің әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті ардагерлерді жыл сайын мерекемен құттықтайды. Бұл күні қалыптасқан дәстүр бойынша қарт адамдарға азық-түлік жинағы таратылды. Волонтерлік қозғалыстың басшысы мен үйірме мүшелері «Қайырымдылық үйінде», «Павлодар облысының паллиативтік көмек ауруханасында» және «Алтын уакыт» пансионатында мерекелік концерт ұйымдастырды. Колледждің еңбек ардагерлері 4 қазан күні
Туған күн иелерін құттықтау

Туған күн иелерін құттықтау

27 қыркүйек күні қалыптасқан дәстүр бойынша Павлодар медициналық жоғары колледжінің әкімшілігі кәсіподақ комитетімен бірлесе шілде, тамыз, қыркүек айларының туған күн және мерейтой иелерін құттықтап, барлығына зор денсаулық, бақыт, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде табыстар тіледі.
«Жемқорлыққа жоқ дейміз!»

«Жемқорлыққа жоқ дейміз!»

2018 жылдың 24 қыркүйегінде Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Жастар» жобасын іске асыру аясында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қолдауымен колледж студенттері арасында "Мемлекеттік қызмет- қоғамға және әр қазақстандыққа қызмет етудің ерекше түрі" тақырыбында облыстық пікірталас сайысы өтті. Павлодар медициналық жоғары колледжінің "Адреналин" командасы, құрамындағы "Емдеу ісі" мамандығының студенттері Накенова Асель, Мандахбаяр Сары, Ставков Нина, Газдиева Батыр 2 орын алып, Дипломмен марапатталд
Пікірталас сайысы

Пікірталас сайысы

2018 жылдың 24 қыркүйегінде Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Жастар» жобасын іске асыру аясында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қолдауымен колледж студенттері арасында "Мемлекеттік қызмет- қоғамға және әр қазақстандыққа қызмет етудің ерекше түрі" тақырыбында облыстық пікірталас сайысы өтті. Павлодар медициналық жоғары колледжінің "Адреналин" командасы, құрамындағы "Емдеу ісі" мамандығының студенттері Накенова Асель, Мандахбаяр Сары, Ставков Нина, Газдиева Батыр 2 орын алып, Дипломмен марапатталд
Театрға бару

Театрға бару

2018 жылдың 21 қыркүйегінде Павлодар медициналық жоғары колледжінің "Емдеу ісі" мамандығы 120 тобының студенттері нашақорлық проблемасына арналған "Ғасыр қасіреті" спектаклінің тұсаукесеріне қатысты. Театрға бару студенттердің зиянды әдеттерге қарсы күреске бағытталған мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға қатысты жағымсыз ұстанымның өзгеруіне, оқушылардың нашақорлық туралы түсінігін кеңейтуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруды жалғастыруға ықпал етті.
«Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі»

«Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі»

Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған облыстық айлық шеңберінде Павлодар медициналық жоғары колледжінде 2018 жылғы 21 қыркүйекте өткен "Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі" енген іс-шаралар жоспары әзірленді. Фестиваль толеранттылық сабағына айналды және халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға, өзіндік мәдениетті, тілдерді, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтауға бағытталды.  
Республикалық диктант

Республикалық диктант

20.09 күні «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру аясында Павлодар медициналық жоғары колледжінде жалпы республикалық диктант жазу өткізілді. Астананың 20 жылдығына арналған диктант «Астана-бейбітшілік бастауы» тақырыбында өтті. Диктант жазудың негізгі мақсаты – мемелекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тілін меңгеру үшін қызығушылықты арттыру, қолдану аясын кеңейтіп, қоғамдық келісім мен бірлігін нығайту. Колледжде диктантты жалпы гуманитарлық пәндері оқытушылары., Қаниева Д.А., Смаилова Л.К ұйымдастырды. Бұл іс-шараға әр курс студенттерінен түрлі ұлт өкілдері қатысты. Б
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі

2018 жылғы 19 қыркүйекте Павлодар медициналық жоғары колледжінде сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Жиналыста 2018-2019 оқу жылына сынып жетекшілері жұмысының негізгі бағыттары қаралды. Оқытушы А. О. Нұрахметова қатысушыларды экстремизмге қарсы әрекет ету бойынша нормативтік-құқықтық актілермен таныстырып, Қазақстандағы жалған діни ұйымдардың қызметі мен діни экстремизмнің алдын алу және байқалу ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Психолог және әлеуметтік педагог студенттердің тәрбиелілік пен бейімделу деңгейін арттыру, адамгершілік пен толерантты тәрбиелеу бойынша сынып
Денсаулық Күні

Денсаулық Күні

2018 жылдың 14 қыркүйегінде "Павлодар медициналық жоғары колледжі" спорт стадионында "Денсаулық күні" спорттық мерекесі өтті, оған жаңа қабылданған 10 топ қатысты. Спорттық мереке бағдарламасына: спорттық эстафеталар, арқан тарту, гір көтеру, командалық жекпе-жек және "Алло, біз таланттарды іздейміз"шығармашылық конкурсы кірді. Командалар жылдамдыққа, күштілікке, ептілікке, және төзімділікке жарысты. 120 «Медбикелік іс» мамандығының «Қолданбалы Бакалавриат» тобының құрама командасы "Жеңіске деген жігері үшін" номинациясымен марапатталды. «Ең көңілді команда» - "Емдеу ісі"мамандығының 120 т