Жаңалықтар

ҚР  мейірбикелік ісі бойынша  I Халықаралық  конференциясы

ҚР мейірбикелік ісі бойынша I Халықаралық конференциясы

Ағымдағы жылдың маусым айының 22 мен 23 аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының мейірбикелік ісі бойынша І-ші Халықаралық конференциясы өтті. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрі Е.А. Биртанов медбикелер атына арнаған құттықтауымен сөз алды. Конференция жұмысына АҚШ, Канада, Финляндия, Белоруссия, Қырғызстан және басқа да елдер мен ДДҰ, ЮНИСЕФ өкілдері және ҚР медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты. Павлодар облысы атынан: бас дәрігерлер, орынбасарлары, бас медбикелер мен аға медбикелер және Павлодар медициналық жоғары колледжінің директоры Г.К. Ситказинова, қо
Оқыту семинары

Оқыту семинары

2018 жылғы 23  маусым күні Павлодар медициналық жоғары колледжі базасында Астана қаласының Platonus компаниясының  өкілдерімен автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгізу  бойынша  оқытушыларға арналған  оқыту семинары өткізілді. Семинардың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
VII Облыстық жазғы  спартакиада

VII Облыстық жазғы спартакиада

23 маусым күні  Павлодар медициналық жоғары колледжі стадионында  медицина қызметкерлерінің VII Облыстық жазғы  спартакиадасы өтті, оған 22 команда: 17 қалалық және  5 команда Павлодар облысының аудандарынан қатысты. Жалпы  командалық  сынақ бойынша жүлдегерлер  болғандар: 1орын –«Павлодар қаласының №2 поликлиникасы» ШЖҚ-ғы КМК; 2 орын- Ақсу орталық ауруханасы; 3 орын- Павлодар облыстық  туберкулезге қарсы диспансері.
Мейірбике ісіндегі көшбасшылық

Мейірбике ісіндегі көшбасшылық

ҚР денсаулық сақтау Министрі Е.А. Биртановтың 2018 жылғы 22 маусым күні өткен мейірбикелік іс бойынша I халықаралық конференциядағы шетелдік және ұлттық сарапшылармен кездесуі барысында Республикадағы меәйірбикелік істің дамуын тежейтін проблемалардың бірі мейірбикелер көшбасшылығының және ғылыми негізделген мейірбикелік тәжірибенің болмауы белгіленді. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы Қазақ-Британ техникалық университеті базасында Centras Management Academy ұйымдастыруымен жоғары деңгейде шетелдік сарапшылармен «Professionalize Kazakhstan» бағдарламасы бойынша тренингі өткізілуде. Тренингі о
Медицина қызметкері күніне арналған   салтанатты іс-шара

Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара

15 маусым күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің акті залында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Облыстың практикалық денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері Павлодар қаласы әкімінің, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облыстық Мәслихатының Құрмет Грамоталарымен және Алғыс Хаттарымен марапатталды. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мукашев Ораз Сәрсенгалиевич Павлодар медициналық жоғары колледжінің жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы, мониторингі және сапа бағалау қызметінің басшысы Роговская Наталья Викторов
Медициналық жоғары колледждің үздік оқытушысы

Медициналық жоғары колледждің үздік оқытушысы

14 маусым күні Естай атындағы Қалалық мәдениет Сарайында Медицина қызметкері күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. «Медициналық жоғары колледждің үздік оқытушысы» номинациясында Павлодар медициналық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, үздіксіз білім беру және симуляциялық оқыту орталығының басшысы Таңат Зияда Хапбасқызы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының Сертификатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
"Абыройлы ұстаз" конкурсының қорытындысы

"Абыройлы ұстаз" конкурсының қорытындысы

13 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен «Абыройлы ұстаз» конкурсының қорытындысы шығарылды. Павлодар медициналық жоғары колледжінің «Медбикелік іс» мамандығының студенттері осы конкурсқа белсене қатысты. Жұмабаев Гульфира эссе конкурсында 1 орынға ие болды, Абылденова Аделия, Кравчук Полина, Құлмахан Әйгерім Алғыс Хаттармен марапатталды. "Емдеу ісі" мамандығы120 тобының студенттері ұсынған бейнеролигі үшін Алғыс Хаттармен марапатталды.  
Медициналық қызметкер күні

Медициналық қызметкер күні

13 маусым күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде медицина қызметкерлері Күніне арналған салтанатты шара өтті. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде адал еңбегі, кәсіби шеберлігі, жетістіктері үшін колледж оқытушылары Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының және «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіби одағы" қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының Құрмет Грамоталарымен марапатталды.  
Жарқын күлкі

Жарқын күлкі

2018 жылғы 12 маусым күні стоматологиялық пәндердің оқытушылары О.А. Бенке, Т.Ш. Нурумбетовтың жетекшілік етуімен «Ортопедиялық стоматология» мамандығы 210 тобының студенттері, «Сау тістер- дені сау балалар- дені сау отбасы» волонтерлік қозғалысының мүшелері «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС-і «Павлодар облыстық стоматологиялық поликлиникасы» ШЖҚ-ғы КМК бірлесе ұйымдастырған денсаулық фестиваліне қатысты. Денсаулық фестивалі «Денсаулықтың алтын ережелері» конкурсы нысанында өтті, волонтерлік қозғалыс мүшелері қалыс қалмады, «Дандайсыған тіс» тақырыбында сахналанған көрініс көрсетіп,
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау

Қорытынды мемлекеттік аттестаттау

2018 жылғы маусымның 11 мен 26 аралығында Павлодар медициналық жоғары колледжінде: "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Фармация", "Стоматология" және "Ортопедиялық стоматология» " мамандықтарының түлектеріне қорытынды мемлекеттік аттестаттау өткізіледі. Қорытынды аттестаттау 2 кезеңде кешенді емтихан нысанында өтеді: теориялық ( компьютерлік тестілеу әдісімен) және практикалық (ОҚКЕ-объектівті құрылымдалған клиникалық емтихан әдісімен). Түлектерге емтихандарын табысты тапсыруларына тілектестік білдіреміз!
Сақ болыңыз! Менингит!

Сақ болыңыз! Менингит!

Тұрғындарға арналған жаднама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, ата-аналарға осы кезеңде өте сақ болуға кеңес береді: Құрметті ата-аналар! Қазіргі уақытта менингитпен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Сіздерден балаларыңыздың денсаулық жағдайына барынша мұқият болуды сұраймыз. Менингококк инфекциясы — бактериялар тудыратын жіті инфекциялық ауру, ол әртүрлі клиникалық белгілермен – симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақ сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менин
"Жаңартылатын энергия көздері"

"Жаңартылатын энергия көздері"

2018 жылғы 5 маусым күні Павлодар медициналық жоғары колледжінде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне «Жаңартылатын энергия көздері» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара «Экология» оқытушысы Н.Б. Мапитовпен "Мейірбике ісі" мамандығының 32 тобында әңгіме түрінде өтті. Табиғатты қорғау жағдайын жақсартуға бағытталған, мұндай іс-шаралар табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуге себепкер болады. Бұл күні экологиялық жағдай проблемалары жанынан немқұрайдылықпен өтпеуге, қайта осы проблемаларды шешу жолына түсуге шақыратын қоршаған ортаны қорғау жөнінде акциялар өтеді.