Жаңалықтар

Аутизм проблемалары туралы Дүниежүзілік ақпаратты тарату күні

Аутизм проблемалары туралы Дүниежүзілік ақпаратты тарату күні

Павлодар медициналық жоғары  колледжінің  студенттері  2 сәуір күні Аутизм проблемалары туралы Дүниежүзілік ақпаратты тарату күні  «Алтын бата» ОФ  қатысып,  осы сырқаттағы  балалар үшін мереке ұйымдастырды. Жыл сайын бүкіл әлемде осы күні «Көк түсті  жақ»  акциясы өтеді.   Аспанға  көк түсті шарлар жіберіліп,  көгілдір от  жағылады,  ғимарат пен  ескерткіштер  көк түспен  жарықтандырылады. Бұл аутизмдік спектрінің бұзылысы бар  адамдарды  қоғамның қолдау  белгісі.
Суға жүзу бойынша  жарыстар

Суға жүзу бойынша жарыстар

2018 жылдың 1 сәуір күні «Шымыр» спорт кешенінде медициналық ұйымдар арасындағы 47 Спартакиада шеңберінде суға жүзу бойынша жарыс өтті. Бұл жарысқа 7 ерлер және 7 әйелдер командасы қатысты. Жалпы командалық орындар төмендегідей берілді: І орын – Дәрігерлік дене шынықтыру диспансері ІІ орын – № 3 Поликлиника ІІІ орын – Павлодар медициналық жоғары колледжі.
«Самал» балаларды оңалту орталығына, «Қайырымдылық үйіне» және Паллиативтік көмек ауруханасына  қатысу

«Самал» балаларды оңалту орталығына, «Қайырымдылық үйіне» және Паллиативтік көмек ауруханасына қатысу

Павлодар медициналық жоғары колледжінің  студенттерінен тұратын  волонтерлер  тобы  «Самал» балаларды оңалту орталығына, «Қайырымдылық үйіне» және Паллиативтік көмек ауруханасына  қатысты.  Волонтерлер  бөлімшелер мен палаталарда:  пациенттерді тамақтандыру,  гигиеналық шаралар көрсету, палаталар мен бөлмелерді жуып тазалау сияқты манипуляцияларды орындады.  «Самал»  балалар  орталығында  студентер  бөлмелерді жуып тазалап, балалармен  ойын ойнап, емдік дене шынықтыру  шараларын  жасады.
Төтенше жағдайлар кезіндегі  мінез-құлық  ережелері

Төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық ережелері

30 наурыз күні  Павлодар медициналық  жоғары  колледжінің  бітіруші топ студенттері үшін төтенше жағдайлар кезіндегі  мінез-құлық  ережелері бойынша  әңгіме  өткізілді. Ғимаратта өрт болған кезде өзін-өзі қалай ұстау, қалай эвакуациялау керектігі жөнінде  түсіндірілді.  Эвакуациялау жоспарына сәйкес,  қауіпсіз жерге эвакуациялау  схемасы туралы және  қосалқы эвакуациялық  шығу жолдары мен оны қалай  пайдалану керектігі  жөнінде мәліметтер берілді. Тыныштық сақтау, дүрбелеңге жол бермеудің аса маңыздылығы айтылды. Әсіресе, балаларды құтқару  кезінде барлық іс-шаралар  жүргізуді және қатаң қадағ
Кездесу

Кездесу

30 наурыз күні Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамасын дамыту орталығында» Павлодар медициналық жоғары колледжі студенттерінің Облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Оспанова Айман Каиркеновамен кездесуі өтті. Кездесуде түлектер мен медицина мамандарының кәсіби бағдар беру және одан арғы жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.  Айман Каиркеновна орталықтың келешегі, ондағы жұмыстың ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Диалог алаңы форматында өткен іс-шара барысында студентт
Театрға қатысу

Театрға қатысу

Павлодар медициналық жоғары колледжінің «Медбикелік іс» мамандығы 240 тобының  студенттері «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» спектаклінің   премьерасын тамашалады.  Спектакль  көрермендерге ұмтылмас   әсер қалдырды.  Спектакль ахуалы  ұлттық нақыш тұңғиығына батқандай  әсер ете отырып, көз алдыңа көне заман тұрмысын,   дәстүрін елестетуге мүмкіндік берді.   Актерлер  өздерінің ойындарымен  басты  кейіпкерлерінің ішкі сезімдерін шебер жеткізе білді, бүкіл спектакль бойы кейіпкерлерінің  көңіл-күйін сезініп,  қуанышына қуанып отырды. Спектакль сюжеті  ұсақ-түйегіне дейін дәлдігімен таң қалдырып,  көремен
Сыбайлас  жемқорлықпен күрес жөніндегі  өкілдерімен  күрес

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі өкілдерімен күрес

Павлодар медициналық жоғары колледжінде  «Павлодар қ. Әкімінің аппараты» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен  сыбайлас жемқорлық қауіптілігін талдау бөлімінің басшысы Р.Н. Бейсембаевпен,  «Кенжекөл жастары» Жастар қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары Ж.Е. Малдыбаевамен, «Павлодар облысының жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ ақпараттық- талдау қызметі, жастар бастамасын үйлестіру және іске асыру бөлімінің бас маманы, Облыстық жас мемлекеттік қызметкерлер кеңесінің төрайымы А.Б. Манабаевамен және Павлодар облысының қоғамдық пікірлерінің көшбасшысы, «Жасыл Ел» қалал
Оқу әдістемелік кеңес

Оқу әдістемелік кеңес

2018 жылғы 29 наурызда колледждің жұмыс жоспарына сәйкес, оқу-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда оқытушы Г.Р. Нурмагамбетова  анатомия сабақтарында  ақпараттық-компьютерлік  технологияны қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен  бөлісті. Құрамында арнайы пәндер  оқытушылары бар №5 шығармашылық топ: О.А. Бенке, И.А.Маковская, Г.Д.Пфенинг,Т.Ш.Нурумбетов «Тұлғалық-бағдарлы оқыту студенттерді дамыту және өзін-өзі дамыту құралы ретінде» тақырыбында  мастер-класс өткізді.   Арнайы пәндер оқытушылары  А.С. Айтпаева, Т.А. Тусупов «Медбикелік іс» мамандығы бойынша құзыреттілік  тәсілге негіздел
Сәндік-қолданбалы өнер көрмесі

Сәндік-қолданбалы өнер көрмесі

Наурыз мерекесі  қарсаңында Павлодар медициналық жоғары колледжінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыру  аясында  сәндік-қолданбалы өнер  көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – білім алушылар бойына  өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу және  қазақ халқының сәндік қолданбалы  қол өнерін  жаңғырту. Қазақстан аумағында, ежелгі көне заманда адамдар шыны, саздан ыдыс жасап, ағаш пен теріден, сонымен қатар тастардан, сүйектерден, металлдардан тұрмысқа қажетті түрлі заттар, әшекей бұйымдары мен домбыра, қобыз, жетіген, тағы с.с. музыкалық аспаптар, қалайы мен қоладан  ай-балт
#КемеровобізСіздерменПавлодар

#КемеровобізСіздерменПавлодар

28 наурыз күні  Павлодар медициналық жоғары колледжінің  студенттері мен қызметкерлері адамдар мен балалар өмірі қиылған қайғылы оқиғаға байланысты аза тұтып, көңіл айту акциясына қатысып, бір минуттық  үнсіздікпен  еске алды. Кемерово, біз Сіздермен бірге, аза тұтып, қайғырамыз. Бөтен қайғы болмайды......
Дүниежүзілік стоматологиялық денсаулық күні

Дүниежүзілік стоматологиялық денсаулық күні

20 наурыз күні  әлемнің барлық елдерінде «Стоматологиялық  денсаулық күні» өтеді.  Мақсаты- стоматологиялық  денсаулық  мәселелеріне  көңіл аудару, әсіресе гигиена ережелерін  қадағалаудың  маңыздылығын баса айту,  сондай-ақ тіс жегінің  және басқа да  кең тараған  стоматологиялық аурулардың  алдын алу мәселелеріне назар аудару.  Павлодар медициналық жоғары колледжінің «Стоматология» мамандығы 310 тобының   студенттерімен, «Сау тістер-дені сау балалар- дені сау отбасы» волонтерлік ұйымының  мүшелері және  волонтерлік қозғалыстың  басшылары  О.А. Бенке және Т.Ш. Нұрұмбетовпен «Жарқын күлкі» акц
Наурыз-думан

Наурыз-думан

Павлодар медициналық жоғары колледжі  Наурыз мейрамына орай мәдени шара өткізді. Мерекелік бағдарламада колледждің өнерпаз  студенттері  өздерінің  қабілеттерін көрсетті.  Сонымен қатар, «Нұр ана әлемі»  қоғамдық бірлестігінің мүшелері  «Қыз ұзату» көрінісін сахналады, сондай-ақ халық әндерін шырқап, «Қара жорға» биін биледі. Тартымды өткен іс-шара көрермендердің көңілінен шықты.