Ащық сабақ: «Медбикелік іс негіздері» пәні бойынша
Сабақ тақырыбы: «Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс»
Тобы: 230, мамандығы «Медбикелік іс»
Өткізу датасы: 18.04.2018 ж.
Оқытушы: Тусупов Т. А.

Практикалық сабақтар өткізу кезінде сыни тұрғыда ойлаудың түрлі технологиялары қолданылды: рольдік ойын және шағын топтардағы жұмыс.
Сондай-ақ оқу сабағын өткізу кезінде Case-Based Learning (клиникалық жағдай негізінде оқыту) және Team-Based Learning (командалық оқыту) сияқты оқытудың белсенді тәсілдері қолданылды.
Клиникалық жағдай негізіндегі оқытуға енген жағдаяттық міндеттерді студенттердің өздігінен іздестіру, талдау және сапалы мәліметтерді айқындау сияқты қабілеттері арқылы шешуі қажет болды.
Командалық оқыту негізіндегі оқыту сабақта клиникалық жағдайды түсіндіруге, әр түрлі рольдерді қолдана отырып, жұмыс сапасын дамыту үшін ұқсақстығын енгізуге, міндеттерді шешуде командадағы жұмысты, үйлестірілген күш-жігерді бірлесе қолдануға, сондай-ақ зерделенген материалды пайдалану қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.