Ашық сабақ: «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша
Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесі патологиялары кезіндегі клиникалық синдромдар»
Тобы: 210, мамандығы «Медбикелік іс»
Өткізу датасы: 19.04.2018ж.
Оқытушысы: Ибрагим А.Ш.

Сабақ студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және пәнді зерделеуге ынталандыратын шағын топтардағы жұмыс, рольдік және іскер ойындар сияқты интерактивтік оқыту әдістерін қолдану арқылы өтті. Сабақта базалық және кәсіптік құзыреттерді дамыту және қалыптастыруға арналған нақтылы жағдайлар мен мүмкіндіктер құрылды.