«Аудиториядан тыс іс-шара:«Қазақстан тарихы» пәнінің тұсаукесері «Медбикелік іс», «Фармация» мамандықтарының 1 курсы.

 

05.11.2014г. 15-30

Оқытушылар Адирисова ГК., Исина М.Н.

Іс-шараның мақсаты- студенттерге «Қазақстан тарихы» пәніне деген қызығушылықтарын дарыту, ой-өрісін кеңейту, патриоттық сенімді тәрбиелеу, саяси мәдениетті қалыптастыру, Қазақстан Республикасы білімінің заңдылығын түсіндіру.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның көне дәуірден бастап осы күнге дейінгі тарихымен, Республиканың Мемлекеттік рәміздерімен, еліміздің астанасы Астанамен және Павлодар қаласымен танысты. Қазақстан тарихы бойынша сахналанған көрініспен өткізілген викторина өте қызықты өтті. «Қазақстанның ғасырлар тұңғиығынан бергі тарихы» тақырыбы бойынша ғылыми жоба тұсаукесері ұсынылды. Іс-шара қонағы болып неолиттік кезеңдегі -Борлы қонысына археологиялық қазба жұмыстарына қатысушы, Павлодар қаласының №36 орта жалпы білім беру мектебінің оқушысы Котельников Артем қатысты. ОЛ өзінің ашқан жаңалықтарымен, зерттеу нәтижелерімен бөлісті. «Фармация» мамандығы 110 тобының студенті А. Сәрсембаева «Петроглифтертер көне дәуірдің тас кескіндеме ескерткіштері сияқты» тақырыбындағы жобасымен баяндама жасады. Іс-шара жоғары әдістемелік деңгейде өтті.