«Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәні бойынша ашық сабақ

«Медбикелік іс» мамандығының 2 курс, 23 тобы

19.11.2014 г., 4 пара

Оқытушы Зеленцова Т.В.

Қарашаның 19-да «Психология негіздері» пәні бойынша «Медбикелік іс» мамандығының 23 тобында «Күйзеліс туралы түсінік» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты екінші санатты оқытушы Зеленцова Татьяна Викторовна өткізді.

Сабақ нысаны: сабақ- сайыс, топ шағын 4 топшаларға бөлінді.

Сабақта замануи педагогикалық технологиялар: сыни тұрғыда ойлау технологиясын («Шляпа». «Синвейн», «Ағаш» тәсілдері, үй тапсырмасын алдын ала орындау арқылы студенттердің білімді өздіктерінен табу, диаде жұмысы, жағдаяттық міндет шешу, «Жоспарланған қателіктері бар» мәтінмен жұмыс) қолдану арқылы студенттер оқытушысымен бірлесе отырып клиникалық сипаттағы жағдаяттық міндеттерді шешті, тестілер, карточкалар түріндегі бақылау тарту материалдарын қолданды.

Жаңа материалды зерделеу «Күйзеліс» бейнефильмін көрсетумен және «Күйзеліс туралы түсінік» тұсаукесерімен жүргізілді.

Жағымды эмоциялық көңіл-күй, әзіл, өзара түсіністік топта толеранттік пен эмпатия қалыптастыруға мүмкіндік берді.